Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Әйгілі «Gran Fondo» Қазақстанда

04.10.2016
АЛТЫН ТҰҒЫР
Әйгілі "Gran Fondo" Қазақстанда
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасырлық тарихы бар «Gran Fondo» веложарысы осыдан 100 жыл бұрын Италиядан бастау алған. Өз кезінде Еуропада ең танымал веложарыс атанып, қазіргі таңда Солтүстік Америка мен Азия елдерінде кеңінен танылып келеді. Оған қатысушы мемлекеттер саны ұлғаюда. Жыл сайын 6 кезеңнен тұратын бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 7 мыңнан астам спортшы қатысады.  Жақында ғана Ресейде алғаш рет өтіп, енді, міне, Қазақстанға да табан тіреді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Gran Fondo Tour of Zhetysu» республикалық жарысына қатысуға еліміздің бірнеше қаласынан бөлек Испания, Тәжікстан, Ресей және Қырғызстан мемлекетінен велошабандоздар арнайы келді. Шараның Қазақстанда, оның ішінде Алматы облысында өтуіне ұйытқы болған облыстық велоспорт федерациясы. Оған «Gran Fondo World Tour» және облыс әкімдігі қолдау көрсетіп, «Алматы Марафон» мен «Экстремальная атлетика» қоғамдық бірлестігі серіктестік танытып отыр. «Gran Fondo World Tour-дың» бас директоры Дани Байо барша қатысушыларға сәттілік тілеп, Жетісу жерінде кездескеніне ризашылығын білдірді.
– Аталмыш жарыс велоспортты ары қарай дамытуға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл жарысқа әр елден велошабандоздар қатысқаннан кейін біздегі туризмді дамытуға да үлесін қосады деген сенімдеміз. Келешекте бұдан да жоғары деңгейде ұйымдастырып, жыл сайынғы үрдіске айналдыруға аянбай еңбек етеміз, – деді  Алматы облысы әкімінің орынбасары және облыстық велоспорт федерациясының президенті Серік Тұрдалиев.
«Gran Fondo Tour of Zhetysu» веложарысының бағыты облыс аумағының көрікті жерлерін басып өтті. Тау жоталары, биік өр, еңіс және тасжол 100-ге жуық кәсіби және әуесқой спортшыларды қанаттандырып, шаршауына мұрша бермеді. Қатысушылар арасында Қазақстанның және Астана «Pro Team» велокомандасының ең белгілі велошабандозы, 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Александр Винокуров та бой көрсетті. «Салауатты өмір салтын ұстанатындарға велоспортты насихаттау үшін мен де арнайы қатысып отырмын. Сол себепті өскелең ұрпақ бізге қарап спортқа бір табан жақындайды деген сенімдемін. Оның үстіне «Gran Fondo Tour» Қазақстанда алғаш рет болғаннан кейін үлкен дәрежеде өтуі керек деп есептеймін. Сондықтан осыны ұйымдастыруға мұрындық болған облыстық велоспорт федерациясы мен әкімдікке алғыс айтамын», – деді Александр Николаевич.
Екі күнді қамтыған шара алғашқы күні алдымен 80 шақырымды бағындырып, Қапшағай қаласынан Сарыөзек кентіне дейін велошеру түрінде өтті. Ал 28 шақырымға арналған топтық веложарыс Алғабас ауылдық округінен Балпық би кентіне дейін созылды. Екінші күні Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданы мен Еркін ауылының аралығында «Критериум» (айналма жарыс) атты додамен жалғасын тапты. Алдымен 18-35 жас аралығындағы қатысушылар 12 айналымда (1 айналым – 1700 метр), ал 36-45 жас аралығындағы спортшылар 10 айналымда, 45 жастан асқандар 8 айналымда бақ сынасты. Қорытындысы бойынша бірінші деңгейлі жас аралығында Бақтияр Мамыров мәре сызығын бірінші, Аркадий Ким екінші, Нияз Жанзақов үшінші болып кесті. Екінші деңгейлі жас аралығында Геннадий Крупяков бірінші, Игор Морозов екінші, Вадим Шулинов үшінші орынға табан тіреді. Үшінші деңгейлі жас аралығында Сергей Боронин бірінші, Вадим Кравченко екінші, ал Станислав Зимсков үшінші орынды қанжығалады. Барша жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпат жасалды. Айгерім Жағыпарова мен Виктория Зайцева веложарыс аясында белсенділік танытқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталып, сыйлық табысталды.
Ұйымдастырушылар атаулы веложарысқа келесі жылдан бастап 300-ден 500-ге дейін велошабандоз қатысып, әртүрлі бәсекеде бақ сынасады деп отыр. Осымен Жетісу кереметтері тағы да әлем елдеріне жол тартып, мерейімізді үстем етті.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

30.01.2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

30.01.2026
«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.