Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

КАРАТЭ: ЖЕТІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖАПОНИЯДА ТОП ЖАРДЫ

05.09.2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
КАРАТЭ: ЖЕТІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖАПОНИЯДА ТОП ЖАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда тұратын Кемел жазғы демалысын жыл сайын ауылда өткізеді. Ата-әжесінің қасында болып, олардың кішкентай көмекшісіне айналады. Көктөбе ауылы ол үшін нағыз жерұйық.

Айтса айтқандай-ақ, бұл жердің тұмса табиғаты көздің жауын алады. Таудың етегінде орналасқан елдімекеннің айналасы жасыл желекпен көмкерілген. Саф ауасы жаныңды жадыратады. Сылдырап аққан бұлақтың суы бал татиды. Ал ата-әжесі тұратын үйдің ауласындағы жайқалған алма бақтың көрінісі тіптен бөлек. Қып-қызыл болып піскен апорттардың жұпар иісі танауыңды жарады. Бәрі де табиғатпен үндесіп тұр. Осындай сұлулық оның жандүниесін байытып, керемет сезімге бөлейтін. Тіпті, үш айдың қалай тез өте шықанын аңғармай қалушы еді.

Бірақ Кемел биылғы жазғы демалысын қалада өткізуге тура келді. Оның да өзіндік себебі болды. Өйткені, ол ала жаздай тынымсыз жаттықты. Ақыры төккен тер босқа кетпеді. Жуырда Жапонияның астанасы Токио қаласында Каратэ до Шотокан бойынша өткен әлем чемпионында топ жарып, қола жүлдегер атанды. Ел абыройын асқататып, Көк туымызды биікке көтерді.

Мұндай ақжолтай хабар туған-туысқандарын шат-шадыман күйге бөледі. Ата-әжесін сағынғаны соншалық, Кемел елге орала салысымен бірден өзінің Көктөбесіне қарай асыққан. Біз де он екі жасар чемпионды құттықтай барғанда оны ауылдағы үйінен жолықтырдық.

Алғашқы әңгіменің тиегін Науат әжесі ағытты. Ол кісі аңқылдаған жан екен. Жүзі қуаныштан бал-бұл жайнайды.

– Кемелім бес жасына дейін менің қолымда өсті. Кішкентай кезінен-ақ спортқа әуес болды. Бау-бақшаға барып өзінше жаттығулар жасап жататын. Алғашында оған соншалықты мән бермегенім рас. Ойын балаларының әдеті ғой дейтінмін. Бірақ келе-келе немеремнің спортқа деген сүйіспеншілігін анық байқадым. Оның шынығып шымыр болуына енді өзім де бір кісідей атсалыса бастадым. Тіпті, жаттығуларын қадағалап, оған үлкен мән беретін жағдайға да жеттім. Сөйтіп, оның алғашқы бапкері өзім болдым, – деп күліп жатыр Науат апа.

Мектеп жасына жеткенде Кемелді ата-анасы қалаға алып кетеді. Мұнда спортқа деген ынтызарлығын әкесі Ерболат одан сайын оята түсті. Экшн фильмдерді екеуі де жата-жастана, қызығып көретін. Кинодағы кейіпкерлердің жекпе-жектегі өнерлеріне Кемел ерекше тәнті болды. Солардың қимыл-қозғалыстарын айнытпай келтіретін. Баласының бойындағы дарынын әкесі де аңғарды.

– Бір күні ұлым қасыма келіп: «Әке, мені каратэге беріңізші. Спортшы болғым келеді», – деді. Әрине, оның таудай талабына қалай қарсы шығайын?! Онсыз да табиғи дарынына іштей тәнті болып жүргенмін. Сөйтіп екеуміз қаладағы спорт секцияларын аралауға кірістік. Каратэ дегеннің өзі бірнеше түрге бөлінеді екен. Сұрастыра келе осы Шотокан қолайымызға жақты. Өйткені, дәл осы түрі Олимпиадалық бағдарламаға кіреді екен. Содан бері осы спортпен шұғылданып келеді. Осы күнге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Міне, енді, әлем чемионатында топ жарды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, – дейді спортшының әкесі Ерболат.

Иә, шынымен-ақ қара белбеудің иегері атанған Кемел талай жарыстан олжамен оралды. Қалалық, облыстық және республикалық додаларда жасындай жарқылдады. Биылғы көктемде Түркияда өткен Еуразия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Оның осындай биікке қол жеткізуіне бапкері, каратэ тілімен айтқанда, сенсейі Шолпан Бегендікованың сіңірген еңбегі аз емес.

Кемелдің бойындағы еңбексүйгіштік, ізденімпаздық қасиет отбасынан дарығаны анық. Атасы Еркін ауылшаруашылығы саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен. Қазір зейнет демалысында. Әкесі Ерболат Алматыдағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы. Ал анасы Перизат жеке кәсіпкер. Соңынан ерген іні-қарындастарына – Кенел, Құрмет және Парасатқа ол қашанда ағалық ақылын айтудан жалықпайды.

Жас чемпионның салмақты мінезіне риза болдық. Аспайды, саспайды. Қойған сұрағымызға тиянақты жауап қайтарып отырды.

– Жапонияда өткен жарыс өте тартысты болды. Қырық шақты мемлекеттен келген спортшылар бақтарын сынады. Бұл додада екі бағдарлама бойынша сынға түстім. Олар кате және кумите деп аталады. Екеуінде де қола жүлдегер атандым. Жеңіспен оралғаныма ризамын, – дейді Кемел Ерболатұлы.

Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Кемел жетінші сыныпқа көшті. Алматыдағы №147 мектеп-гимназиясының есігін енді әлем чемпионы болып ашты. Кемелдің келешегіне зор сенім артамыз.

Болат МӘЖИТ

Көктөбе ауылы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.