Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Көксулықтар жарады

26 қазан 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Көксулықтар жарады
WhatsAppTelegramFacebook

Футбол елімізде айрықша қарқынмен дамып келеді. Бүгінде доп тебетін қаракөздердің қатары күн санап артуда. Олардың бұл спорт түріне деген қызығушылығына берілетін баға оң. Осы ретте облыс орталығында 5-6, 7-8, 9-11-сынып оқушылары арасында «Былғары доп»  бәсекесі өтті.

Жарысқа 55 команда қатысты. Талдықорғанның өзінен 10 команда шықса қалғаны ауыл, аудандардан құралып отыр. Жасөспірімдердің шеберлікпен ойын өрнегін көрсетуі көрермендерді сүйсінтті. Олардың бұлай доп тебістері қазақ футболының болашығының жарқын көрсеткіші.

Бұл жарыстың мақсаты – жеткіншектерде дене шынықтыру нормаларын сақтау, саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру, сондай-ақ, нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу. 

Ала доп бәсекесі 2 күнге жалғасты. Мұнда қыздар командалары да бәсекеге түсті. Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев сөз сөйлеп, ұйымдастырылып отырған жарыстың мән-мазмұнын түсіндірді. Спорттың адам денсаулығына тигізер пайдасы орасан екенінен мағлұмат берді. Жас спортшыларға өмірде жарқын сәттер тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектес екенін жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша 5-6-сынып қыздар арасында І орынға Көксу ауданының командасы, ұлдар арасында Панфилов ауданының командасы ие болды. 7-8-сынып қыздар арасында І орынға Көксу ауданының, ұлдар арасында Талдықорған қаласының командасы  қол жеткізді. 9-11-сынып қыздар І орынды Көксу ауданының, ұлдар арасында Панфилов ауданының командасы  жеңіп алды.

Жеңімпаздарға медаль мен арнайы кубок табысталды. Шара соңында облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев 900 допты оқушыларға таратып берді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Бүгін, 10:30
Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Бүгін, 10:27
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00
Тұрғындар тілегі – назарда

Тұрғындар тілегі – назарда

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.