Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында еркін күрестен 5 салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Бүгін ересектер арасындағы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының төртінші күні боз кілемге еркін күрес шеберлері 5 салмақта кім мықтыны анықтады.
57 келі.
1-орын — Ерасыл Мұқтарұлы(Жетісу облысы)
2-орын — Рақат Қалжан (Жамбыл облысы)
3-орын — Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)
3-орын — Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы)
65 келі.
1-орын — Майс Алиев(Маңғыстау облысы)
2-орын — Мұқтар Санжар (Жамбыл облысы)
3-орын — Адлан Асқаров(Алматы облысы)
3-орын — Начын Куулар (Шымкент қаласы)
74 келі.
1-орын — Нұрқожа Қайпанов (СҚО)
2-орын — Талғат Сырбас(Атырау облысы)
3-орын — Елдос Қуанышбай(Жамбыл облысы)
3-орын — Марат Жақыпов(Ақмола облысы)
86 келі.
1-орын — Нұржан Исағалиев (БҚО)
2-орын — Нұрдаулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)
3-орын — Наурыз Ахметханов (Маңғыстау облысы)
3-орын — Жігер Зәкіров Алматы облысы)
92 келі.
1-орын — Әділет Даулымбаев (Алматы қаласы)
2-орын — Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы)
3-орын — Нұрдәулет Бекенов (Шымкент қаласы)
3-орын — Исламбек Ильясов (Павлодар облысы)
Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатыр.
Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 600-ден астам күрес шеберлері қатысып жатыр.
Фото: gov.kz





