Талдықорғандағы агротехникалық колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай қол күрестен жарыс өтті. Сайыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың бойындағы отансүйгіштік қабілетін арттыру.
Дүбірлі додаға сен тұр мен атайын дейтін студенттер жиналды. Қай-қайсысын алып қарасаң да мықты. Бәсеке тартысты өтті. Иә, «Күш атасын танымас», – деген тәмсіл текке айтылмапты. Қызу бәсеке. Әсіресе, ақтық сынға шыққан спортшылардың айқасы көрермендерді тәнті етті. Жан алысқан білекті жастардың додасын тамашалаған жанкүйерлер де ерекше әсер алып қайтты. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Елтай Камиль, 2-орынды Дидар Аталықов, 3-орынды Самат Құлжабеков жеңіп алды.
Алмас ИШАНБАЕВ,
Талдықорған агротехникалық колледжінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі.





