Көшпенділер ойындары тартысты бәсекесінде көкпардың жөні бөлек, қиқуы өзге екені рас. Міне, сол байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы финалдық ойында Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңіп, той мерейін онан ары тасытты.
Бірінші кезеңде 3:1 есебімен Қырғызстан құрамасы жеңіп жатқанда дау шығып, ойын біраз уақытқа тоқтап қалған еді. Төрешілер қазақстандық ойыншыны тәртіп бұзғаны үшін ойыннан белгілі уақытқа дейін шететті. Береке-бірлікке шақырылған екі жақ та ары қарай ойын көрігін қыздыра түсті.
Екінші кезеңде көкпаршыларымыз күтпеген камбэк жасады. Есепті теңестіріп, асырып та тастаған. Ойын аяқталуға санаулы секондтар қалған тұста қырғыз көкпаршылары таблодағы есепті 4:4 теңестіріп, негізгі уақытты аяқтады.
Ойын алтын салымға ұласып (қосымша уақыт қосылып), Қазақстан көкпаршылары санаулы уақытта ел қоржынына тағы бір жеңіс ұпайын салып үлгерді.





