Көшпенділер ойындары аясында бәйгеден жарыстар аяқталды. Жанкүйердің айызын қандырған аламан бәйгеде Сапарғали Сәтпаевтың «Айқабақ» тұлпары (шабандоз — Аңсар Арыстанбек) топ жарып, қазақ елінің бөркін аспанға атқызды.
Екінші болып жетісулық шабандоз Хамза Марланұлы мінген «Жұмыртұяқ» келді. Ал үштікті Қырғызстаннан келген «Қарақыз» атты тұлпар (шабандоз — Нурэл Элесов) түйіндеді.





