Талдықорған: +10°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ALAMANДА» АПТА ҮЗДІКТЕРІ

22.10.2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
«ALAMANДА» АПТА ҮЗДІКТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Спортшыларымыз бір аптаның ішінде өздері қатысқан жарыста жеңіске жетіп, елдің шексіз ықыласына молынан бөленді. Үш үздіктің бүгінгі нәтижесі тарих парағына айрықша қаріппен жазылып, жұрт жадында сақталары хақ. Жүзден жүйрік шыққандардың ішінде жетісулық жерлестеріміз де бар.

Чемпион

Әуелі апта басында кәсіпқой бокста атой салып, ерекше стилімен көзге түсіп жүрген жетісулық жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жекте жеңіске жетті. АҚШ-тың Техас штатындағы Розенбергте өткен кездесуде неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді 6-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO (өз белдігін үшінші рет қорғап қалды) және IBF (әлемнің жаңа чемпионы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы болды. Неміс боксшы Жәнібекке дейін жеңілмеген, тек бір мәрте тең түскен еді (20 жекпе-жек,  1 тең кездесу). Ал 30 жастағы қазақстандық боксшы жалпы карьерасында 15 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп отыр (10 кездесуді нокаутпен аяқтаған). Шетелдік басылымдардың ақпаратына сүйенсек, Жәнібек дәл осы кездесуде 1,5 миллион доллар алады (жеке гонорары 400 мың доллар, ал ақылы трансляциядағы сатылым көрсеткіші 500 мыңнан асады). Жәнібек алғашқы чемпиондық белдігін былтыр 5 мамырда британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа құлатып, ие болды. Орта салмақтағы WBO бойынша чемпиондық атағын одан кейін британдық Дензел Бентли және канадалық Стивен Батлермен болған жекпе-жекте абыроймен қорғады. 

Чемпион артынша өзінің твиттер желісіндегі жазбасында «Төрт белдікті түгендемейінше жеңісті тойлау жоқ. Енді WBC пен WBA белбеуі керек. Кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайынмын» деген жазба қалдырып, боксты ұйымдастырып жүрген ресми өкілдерді де белгілей кеткен. Жәнібек өз сөзінде келесі жылдың ақпанында жұдырықтасуға әзір екенін айтты.

Жеңімпаз

Бәйге көрсе делебесі қозбайтын, айқайға қиқу қосып, көңілі түскен тұлпардың озып шығуын қаламайтын қазақ бар ма?! Жетісудың бәйгедегі бүгінгі мақтанышы – Хамза Амангелді. Оған дау жоқ. Бір жасында сыйлыққа ат алып, 5 жасынан бәйгеге шауып, 7 жасында Беріктас ауылының  50 жылдығына арналған бәйгеде «Жұмыртұяқпен» алғаш машина ұтып, 8 жасында 8 көліктің иесі болды. Сегізінші көлігін жақында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Бұқарбай батыр ауылында белгілі қайраткер, еңбек және тыл ардагері Мыхан Ерниязұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған 30 шақырымға белгіленген аламан бәйгеде алды. Әу баста көп арасынан көрінбеген шабандоз, мәреге жақындаған тұста үштікке кіріп, одан сызықты бірінші болып кесіп өтті. Одан кейін Аңсар Арыстанбек мінген «Мамайқара», үшінші болып Жанқойлықовтар әулетінің «Тұмар» тұлпары келді.  Жеңімпазға «Toyota Highlander» автокөлігі берілді. 

Хамза Амангелді жақында ғана Еркін ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен аламан бәйгеде «Тұран» атты тұлпармен топ жарды. Ат иесі жеңіп алған көлігін шабандозға берсе, Хамза оны өз атасына сыйлаған еді.

Бомбардир

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро 2024 іріктеу турнирі аясында Хельсинки қаласында Финляндия құрамасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Магомед Адиев жаттықтыратын құрамамыз «Н» тобында 15 ұпаймен     3-орынға орналасты. Алдымызда 19 ұпаймен Дания мен Словения құрамасы тұр. Ойыншыларымыз ірі турнирдің іріктеуінде дәл осындай ұпай алып, жетістікке жетпеген. Хельсинкидегі «Олимпиалық» алаңдағы матчтың бірінші таймында алаң иелері қысым көрсетсе, екінші таймда Қазақстан ойыншылары ойынды басқа арнаға бұрып, өз иелігіне алды. Кездесудің 28-минутында фин ойыншысы Роберт Тэйлор айып добынан есеп ашып, алаң иелерін бір желпінткен. Ал матчтың         77- минутында пенальти тепкен Бақтияр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ. Одан кейін 90 минутта бұрыштан Рамазан Оразовтың көтерген добын басымен түртіп кетіп гол жасағанда «Бешікташ» ойыншысы Бақтияр Зайнутдинов болды. Бақтиярдың дәл осы екі голы ұлттық құраманың жалпы тарихындағы мергендер көшін бастауына әсер етті. Осыған дейін соңғы ойынын 2009 жылы өткізген Руслан Балтиев 13 голмен бастап тұрған еді (73 ойын өткізді). Ал Бақтияр Зайнутдиноке 14 гол салу үшін 34 ойын қажет болды. Мергендер тізіміндегі 3-орында тұрған Виктор Зубаревті (12 гол) қуып жетуі мүмкін ойыншы енді – Абат Айымбетов (8 гол).
Қазақстан енді 17 қараша күні «Астана-Аренада» Сан-Мариноны қабылдап, 21 қарашада сырт алаңда Словениямен ойнайды.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

20.03.2026
Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

20.03.2026
Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

20.03.2026
Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

20.03.2026
Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

20.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.