Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚҰЛАШ ЖАЙҒЫЗҒАН ҚОЛ ДОБЫ

20.03.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚҰЛАШ ЖАЙҒЫЗҒАН ҚОЛ ДОБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Гандбол олимпиадалық спортты түрі болғандықтан бұл спортты дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. Жалпы гандбол 1898 жылы пайда болып, оны дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсон ойлап тапқан. Қазақ еліне қолдоп ойыны 1992 жылы келді. Сол уақытта ҚР Гандбол федерациясы құрылды. 

2009-2011 жылдары тұңғыш рет жастар мен ересек қыздар арасында 3 кезеңдік: аймақтық, континентальдық, финалдық турнир өтті. Қазақстан құрамасының гандболдан жеткен үлкен жетістігі – 2010 жылы Азия чемпионатында айтулы ауыспалы Трофей жүлдесінің күміс медалін жеңіп алған еді. 

Елімізде бұл спорт түрінің қарқынды дамуына Гандбол федерациясының әр жылдардағы басшылары Е. Әміржанов, Б. Сапарбаев пен Гандбол федерациясының құрметті президенті Гүлнәр Тұрлыханова өлшеусіз үлес қосты. Гүлнәр Ысмағұлқызының жетекшілік жасаған соңғы он жыл ішінде қыздар құрама командасы көптеген халық- аралық, азиялық жарыстарда жеңімпаз атанып, жүлделі орындардан түскен емес. Одан бөлек, үш рет әлем чемпионатына тікелей жолдаманы жеңіп алды. Тіпті, 2008 жылы Бейжің олимпиадасына қатысқан әлемдегі 12 үздік команданың қатарынан көріне білді. Елімізде гандболдың өсу, даму қарқыны осы жылдар ішінде бір сәт болсын баяулаған емес. 

Қандай спорт түрі болмасын, өз ісіне берілген жаттықтырушымен жағдай жасалғанда ғана нәтиже болатыны белгілі. Гандболдан мамандандырылған №12 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дархан Ашировтың белсенді жұмысы соның дәлелі. Қара шаңырақтың ұл-қызы ел біріншілігімен қоса халықаралық турнирлерде бақ сынап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Көпшілікке есімі таныс Дархан – спорттың қазанында қайнап тәжірибесі толыққан жас маман. Гандбол спорт түріне бар ынтасымен берілгендігі сонша, команданы жарыстарға өзі бастап апарып, ойынға жан-жақты дайындалуын қадағалап, зор үлесін қосып жүр. 

Кезінде бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына олжа салған дарынды былғары қолғап шебері өз жиған тәжірибесін Жетісу өңіріндегі қолдобының дамуына салған екен. Иә, спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанның өз ісіне адалдығы, шеберлігі, жасап жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Ынтасы мен тәжірибесінің арқасында басшылық жасайтын спорт мектебінде қолдопшы арулардың қатары күннен-күнге толып келеді.

Әрбір саланы бес саусағындай жатқа білетін маман болмай, белгілі бір нәтижеге жету мүмкін емес. Осыны ескерген ұжым басшылығы жан-жақтан білікті мамандарды тарта бастайды. Нәтижесінде Евгений Шишкин, Александр Красильников, Зарина Байғабылова сынды ҚР спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ирина Александрова, Анастасия Нұржаубаева және Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Наталья Кефер сияқты өз ісіне ұқыпты, білгір мамандар ұжымға келіп қосылды. 

Облыстық денешынықтыру және спорт басқарамасының қолдауымен Гандбол федерациясы 2017 жылы құрылған болатын. Сол уақыттан бері «Іле» жастар мен жасөспірімдер командасының шыққан белестері көңіл қуантады. Мысалы, олар 2018 жылы Іле ауданына қарасты Өтеген кентінде 2003 жылғы қыздар арасында өткен республика біріншілігінде топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды. Ал, 2019 жылы Қостанай қаласында 2002 жылғы қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, ұлдар командасы Риддер қаласында өткен ел біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алған. «Іле» гандбол командасы халықаралық деңгейде де жеңіс тұғырынан көріне білген. Өзбекстанның Наманган қаласында «Тәуелсіздік кубогі» үшін өткен халықаралық сында жеңімпаз атанып, Көк Туымызды желбіретті. Команда-ның алға қойған басты мақсаты – ел біріншілігінде топжарып, ұлттық құрамаға өз таланттарының қатарын көптеп қосу арқылы ел чемпионатында қара үзіп шығу. 

Бүгінгі таңда Алакөл, Панфилов, Райымбек, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында аталмыш спорт түрінен бөлімшелер ашылған. Филиалдар жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде жасөпірімдердің гандбол спортына қызығушылығы артып, келушілер қатары көбеюде. 

Облыстың гандбол командасы ұлттық құрамаға өз таланттарын даярлап беріп отырған берекелі ұстаханаға айналды. Аталған спорт мектебінің 3 бірдей бұрымдылары Қазақстан Ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетеді. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен талантты қыздар жастар арасында Азия чемпионатына қатысып, 4-орынға қол жеткізген болатын. Мұның өзі – үлкен жетістік. 

Ауылды жерден шыққан таланттыларды ұлы додаға даярлап қосу – ел спортының болашағы үшін маңызы зор. Осы бағытта облыстық  денешынықтыру және спорт басқарамасының басшысы, жаста болса бас болып, өңір спортының дамуына жаңа серпін қосып жүрген Нұрбақыт Теңізбаев үшін бұқаралық спортпен қоса гандбол секілді олимпиадалық спорт түрлерін елді мекендерде көтеру уақыт күттірмейтін мәселе болып тұр. Ол үшін облыстық, ауданаралық жарыстарды жиі өткізу арқылы үздіктерді анықтауға болады. Облыстағы әрбір спорт саласы бойынша бойында жалыны бар, өз ісінің мамандарын тарту мәселесін қолға алған Нұрбақыт Теңізбаевтың іргелі істері өз жемісін беріп келеді. 

«Барлық жол Парижге апарады» демекші, Олимпиада асуын бағындыратын күнді неге армандамасқа?! Токиоға бармасақ та, алдағы онжылдықта гандболдан Қазақстан құрамасы Олимпиада сайыстарында аламан ойындарды көрсетер деген үмітімізді үкілеп қойсақ, артықтығы болмас. 

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ
Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда тұратын ғасыр куәгері

Облыс орталығында тұратын ғасыр куәгері дауыс берді

15.03.2026
Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар да таңдау жасай алады

Зейнепхан Әбенова: «Таңдау жасау – мен үшін үлкен жауапкершілік»

15.03.2026
Олимпиада жүлдегері бір топ спортшымен келді

Олимпиада жүлдегері бір топ спортшымен келді

15.03.2026
Ғасыр тұғырындағы Тұран әже

Ғасыр тұғырындағы Тұран әже

15.03.2026
«Үздік көше» байқауы өтуде

«Үздік көше» байқауы өтуде

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.