Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЛЕГИОНЕР ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ?

11 тамыз 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЛЕГИОНЕР ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ?
WhatsAppTelegramFacebook

Олимпиада ойындарына қатысып жатқан әр мемлекеттен бір легионерді жолықтыруға болады. Бұл тізімнен санаулы ғана мемлекеттің аман шығатындығын да білеміз. Сапалы легионер бір елдің абыройын асырып, туын биіктетіп, Гимнін шырқатып жатады. Бұл үрдіс қаншалықты дұрыс?


Волейбол жанкүйерлерінің ерекше ықыласына бөленген Түркияның қыздар құрамасының әр ойыны өз алдына бір драма. Жартылай финалда Италияға қауқар көрсете алмады демесеңіз, қалған ойындардың барлығында қарсыластарын қоғадай жапырды. Сол құрамада әр ойында белсенділік танытып жүрген 24 жастағы Мелисса Варгасты кез келген көрермен ерекше атап өтеді. Ал сол Варгас Куба құрамасындағы алғашқы ойындарының бірін 2015 жылы 16 жасында Қазақстан құрамасына қарсы өткізіп еді (біздің қыздар 3:2 есебімен жеңген). Кейін «Фенербахчеге» ауысып, 2021 жылы Түркия президенті Эрдоғанның қолынан құжат алған қыз бүгінде құраманың басты ойыншысына айналды. Қазақстан да кейінгі жылдары бірнеше спортшыға азаматтық берді. Бірақ, солардың көбісі бір турнирден кейін ұлттық құрамаға алынбады, қалғандары әлі алаңға да шықпады. Ал волейболдан 2008 жылы ғана Олимпиадаға қатысқан Қазақстан құрамасы кейін іріктеудің І-ші, ІІ-ші кезеңінен қайтып жүр. Бұл жағдайды саралап та, табалап та жазуға болады. Өте өкінішті. Азаматтық беру жөнінде шешім қабылдағандарды жауапқа тарту керек те шығар. Өзі қалап алдырған ойыншысы Ұлттық құраманың өсуіне, жақсы нәтиже көрсетуіне ат салыспаса қажеті қанша?

Париж Олимпиадасында көпшіліктің қызу талқысына түсіп, ерекше көрінген Қазақстан құрамасындағы легионер – Нора Джеруто (Найробиден келген). Іріктеуден өткен 15 желаяқтың ішінде 9:24.69 уақытын көрсетіп, финалдық кезеңге 14-ші болып өтті. Ал финалда 9:08.97 уақытын көрсетіп, 9-орын алды. Алтын алған 24 жастағы бахрейндік Уинфред Явидің көрсеткіші – 8:52.76 (Олимпиада рекорды). Нора 2022 жылы Әлем чемпионы болғанда 8:53.02 уақытын көрсеткен еді. Одан кейін декреттік демалыс алды, допинг үшін басы дауға қалды. Олимпиадаға қатысу құқығына соңғы іріктеу турнирінде ие болды. Ал Олимпиада алдында дәрігерлер бронхит деген диагноз қойып, жарысқа қатысуға рұқсат бермеген әйгілі теннисші Елена Рыбакинаның да (Ресейден келген) бұл іс-әрекетін көпшілік түсінбеді.

Қазақ спортының тарихында Олимпиада ойындарынан жүлде әкелген легионерлер баршылық. Алайда олардың басым көпшілігі елден жырақта, бүгінде Қазақстанды ұмытқан. Грек-рим күресінде қаулап кеткен балуандардың санаулысы ғана елімізге сіңді. Сондықтан да болар Демеу Жадыраевтың, Нұрбақыт Теңізбаевтың жүлдесі қазақ үшін ерекше ыстық. Ал Лондонда (2012 жыл грек-рим күресі 84 келі) қола алған Даниял Гаджиев, Бейжіңде көрінген Таймұраз Тигиев (2008 жылы күміс алды, артынша допинг анықталып, 2016 жылы жүлдесін қайтарды), Марид Мұтәлімов (2008 жылы еркін күрестен 120 келіде қола алды) сынды балуандардың жетістігі тек тарихта аты жазылғаны болмаса, халыққа жақын тарта алмады.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Бүгін, 11:03
Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Бүгін, 10:30
Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Бүгін, 10:27
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.