Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы 28 жастағы Ерсұлтан Сағындықов «Жетісу» сапына келіп қосылды, — деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы.
Осыған дейін «Аят», «Астана» сапында көзге түскен ойыншы талдықорғанның командасымен келісімге келді.
«Жетісу» футзал клубы дәл қазіргі сәтте Талдықорғанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал олар алғашқы ойынын 3 қыркүйекте ел Суперкубогынан кейін болатын Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу ойындарынан бастайды. Чемпионат болса 24 қыркүйекте бастау алады.





