Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасымен келісімшарт жасау үшін Астанаға келді.
Қазақстандық БАҚ ресейлік маманның елордаға келгенін хабарлады.
Бұған дейін Ресей құрамасын жаттықтырған бапкер жуық арада Қазақстан футбол федерациямен келісімшартқа қол қойып, ұлттық құрама тізгінін ұстауы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырған Магомед Адиев «Ахматтағы» жұмысына көбірек ден қою үшін қызметінен кеткен еді.





