Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

МАТАЙДЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

22.04.2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
МАТАЙДЫҢ МАЙТАЛМАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған облысымыздың спортшысы 16 жастағы Сайрамкез Ақмолда 61 келі салмақта 257 келі зілтемірді көтеріп, алтыннан алқа тақты. Ұлт абыройын асқақтатып, тау көтерген толағаймен аз-кем дидарласудың сәті түсті.

 

–Сайрамкез, жар­­қын жеңісіңмен та­ғы да шын жүректен құттықтаймыз! Әңгіменің ауанын туып-өскен жеріңнен бастасақ.
– Рахмет. Мен 2002 жылы Ақсу ауданы, Матай ауылында тудым. Бірақ балалық шағым Талдықорғанда өтті. Отбасында үшеуміз. Екі әпкем бар. Мен үйдің кенжесімін. Бүгінде Талдықорғандағы спорт интернатында оқимын. 

– Ауыр атлетикаға қалай және қай жылы келдің?
– Спортқа алғаш 2014 жылы 7-сынып оқып жүргенде келдім. Әкем «күреске қатысасың» деп спорт мекте­бі­не әкелді. Бірақ бапкерлер: «Мұнда орын жоқ. Екі жетідей ауыр атлетикада жүре тұр. Содан кейін күреске ауыстырамыз» деді. Сөйтіп жаттығуды зілтемір көтеруден бастап кеттім. Оның әліппесін Юрий Петровичтан үйрендім. Ол маған үнемі жаттығуды қалай жас­ау керектігін үйретіп, жігер берді. Ауыр атлетикаға қызыққаным соншалық, жаттығудан қалмай,  барымды салып дайындалдым. Уақыт өткен сайын бұл спорт мені баурап алды. Екі-үш апта өткеннен кейін бапкерім күреске емес, зілтемір көтеруге икемі бар деп жібермеді, мен де қуана-қуана қалдым. Қазіргі бапкерім – Михаил Игоревич. Тарыдай болып кірген ауылдың қара баласына ауыр атлетиканың қыр-сырын үйретіп, таудай қылып шығарған бапкерлерімнің арқасында биік белестерді бағындырып келемін. Алға қойған мақсатымыз айқын. 

– Қандай нәтижелерге қол жеткіздің?
– Жасөспірімдер арасында ҚР-дың бес дүркін чемпионы атандым. Атап айтсақ, 2015 жылы Қостанай қаласын­да өткен ҚР чемпионатында 35 келі салмақ дәрежесінде қоссайыс қоры­тындысы бойынша 113 келі жи­нап, алтыннан алқа тақтым. Бұл ме­нің ел біріншілігіндегі алғашқы же­ңісім еді. Араға жыл салып тағы да Қостанайда өткен ҚР-дың чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 164 келі жинап, топ жардым. Сол жылы Шымкентте ҚР-дың жекекомандалық чемпионатында 50 келі салмақта 177 келі зілтемірді бағындырып, жеңімпаз атандым. Келесі жылы Атырауда өткен еліміздің жеке командалық чемпионатында 56 келі салмақ дәрежесінде 210 келі зілтемірді көтерсем, был­тыр Қызылордадағы ел біріншілігінде дәл осы салмақта 225 келі зілтемірді еңсеріп, чемпион болдым.

– Әлем біріншілігіне тоқталсақ. Жарыстан алған әсерің қандай?
 – Алдымен бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жа­­­рыс жоғары деңгейде өтті.
Ауыр атлет­­­тер тыңғылықты дайындалып келген, бә­­­­­­­­­рі­нің мақсаты – чемпион атану. Әлем бі­­­­­­­­­­­ріншілігіне бізді ауыр  атлетикадан  жасөс­пірімдер құрамасының бапкері Бақыт Ахметов бастап барды. Шыны керек, мен бұл жарыста жеңімпаз болам деп ойламадым. Осының алдында Таиландта өткен дүбірлі додада медальсіз қайтқан едім. Сондықтан байрақты бәсекеде жеңістің желкенін көтеру үшін барымды салдым. Басты қарсыласым Түркия мен Вьетнам спортшысы болды. Зілтемір көтеруге шығар алдында бапкерім рухтандырып, маған сенетінін айтты. Осы қолдаудың арқасында жеңіске жеттім. Жұлқа көтеруде 145, серпе көтеруде 112 келі зілтемірді еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша тұғырдың бірінші сатысынан көріндім. Ал жеке бағдарлама бойынша екі күміс медальді олжаладым. Бақ пен баптың сыналған шағында намысты қолдан бермей, азулы әлемнің небір айтулы таланттарымен тартысқа түсіп, топжару – мен үшін үлкен қуаныш. 

– Жалпы жасөспірімдер арасында ауыр атлетика қай мемлекеттерде жақсы дамыған? Бұл спортта біздің деңгейіміз қандай?  
– Ауыр атлетика Қытай мен Ресей елінде жақсы дамыған. Біздің басты қарсыластарымыз десек болады. Аталмыш спорт түрінен еліміздің толағайлары да алдына жан салмайды. Мәселен, жас- өспірімдер арасындағы ел біріншілігінде бес спортшымыз да алтыннан алқа тақты. Сондықтан ауыр атлетикадан әлі талай чемпиондар шығарына сенімім мол.  

– Алдағы мақсатың қандай? 
– Бұйырса қазан айында Азия чемпионаты өтеді. Соған дайындық үстіндемін. Алдағы мақсатым – ересектер құрамасына өтіп, байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтатып, олимпиада шыңын бағындыру.

 Сұхбаттасқан: Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық — ұлт жадының қазынасы

Сандық — ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.