Маусым басталғалы жеңілмеген «Жетісу» командасы Петропавлда болған 4-үлкен турдың соңғы ойынында (жалпы маусымның негізгі бөлігінің соңғы кездесуі) «Қуаныштан» 1:3 (23:25, 25:18, 16:25, 16:25) есебімен жеңілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Бұл турдағы басты кездесу «Қуаныш» командасымен өтті. Дәл бүгін «Қуаныш» тосқаулыдан және допты бірінші ойынға қосу барысында бізден жақсы ойнады. Иә, біз турдың алдында турнирлік кестедегі бірінші орынды бекемдеп қойған едік. Бұл жеңіліс бізді тек шыңдау керек. Келесі меже араға он күн салып Астанада болатын плей-офф кезеңі, – дейді «Жетісу» волейбол клубының бас бапкері Марко Гршич.
«Қуанышпен» болған ойында «Жетісу» сапынан үздік нәтиже көрсеткен – Наталья Борисенко (14 ұпай – 1 эйс, 13 шабуыл). Одан кейінгі нәтижелі ойыншылар – Моя Ивэн (13 ұпай – 10 шабуыл, 3 тосқауыл), Татьяна Никитина (11 ұпай – 10 шабуыл, 1 тосқауыл), Мария Фролова (11 ұпай – 2 эйс, 8 шабуыл, 1 тосқауыл).
«Жетісу»:
Шабуыл – 39 пайыз.
Тосқауыл – 6.
Эйс – 5.
«Қуаныш»:
Шабуыл – 43 пайыз.
Тосқауыл – 13.
Эйс – 9.
Биылғы волейбол маусымының шеуші сәті 5-13 сәуәрде Астандағы «Барыс Аренада» болады. Плей-офф кезеңінде «Жетісу» турнирлік кестені 4-орынмен аяқтаған «Тұран» командасымен ойнайды. Ал «Қуаныш» «Берелмен» кездеседі. «Жетісу» плей-оффтан кейін араға бір апта салып Кореяда өтетін Азия чемпиондар лигасына барады.





