Талдықорған: +10°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Мессидің сұңғыла пастары

16 шілде 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Мессидің сұңғыла пастары
WhatsAppTelegramFacebook

Мұнан бұрынғы күндізгі репортажымды «МЕССИ жауған КҮН» деп атап, Атлантаның көшелеріне симай кеткен «Мессилердің»  суретін жариялап, он ауыз сөз жазғанмын.

Сыртта жүріп, тек телефонмен репортаж жасау оңай емес, бір жерде суреттер бар, бір жерде видео қайталанып, бір жерде жазғандарым шашылып кетіпті. Бұл Американы қойсашы, кеше ғана Майамиде ойын басталғанда Қазақстанда түнгі 12 еді, бүгін ауылдың түнгі 12-сінде Атлантада сағат түстен кейінгі 3-ті ғана көрсетіп тұрды.

Бұл айту үшін айту емес, мұндай уақыт «билеп» тұратын елде әлем чемпионатында дұрыстап футбол ойнамақ түгілі, ел аралап жүріп, ас ішу оңай емес. Таңғы асыңды түсте ішіп, түскі асыңды кешке ішіп, кешкі асыңды қашан ішуді білмей жынды болатының секілді. Бұл жартылай финалдық ойынды ағылшындар жұлынып бастады. Содан 55-минутта әлгі мен мақтай беретін Гордон гол соққанша, Аргентина кімге тиісерін таппай, жөнсіз жүгірді де жүрді. Тек әлгі гол жон арқадан тиген дырау қамшы секілді болды ма? Аргентина допты ағылшындардан біржола тартып алды. Қалған 30 минуттағы аргентиналықтардың допты аяқтарына байлап жүрген көрсеткішін қараңыз: 90 минутта Англия допты 36% ұстаса, Аргентина 64% тепкілеген.

Бұл ойында Норвегияның аузын артынан шығарған Беллингем тым көріне алмады. Кейн де риза қып қақпаға бір соқпады. Месси де қақпаға солақай «снарядтарды» боратқан жоқ. Бірақ ол тыныш жүріп бар ойынды алашадай тоқып берді. Аргентинаның бірінші голының түлеп ұшқан ұясы Мессидің сол аяғы болатын. Ал, Лаутаро Мартинес соққан Жеңіс голын Месси ғұламалық қимылмен екі қорғаушыны бір-біріне соғып, кейін қалдырды да, оң аяғымен-ақ(!) қолмен лақтырғандай Маринестің баспен соғар тұсына қалықтатып бере қойды. Мартинес те тарлан екен – бірге қарғыған екі қорғаушыдан басты бұрын сілтеді. Жеңіс добы торда тулап қалды.

Ойын соңынан көзінен жас сорғалаған Лаутора Мартинес былай деді:

«Сонау қарасирақ бала кезімде әкем алып берген бутсымен еліме қымбат бір гол соғармын деп жүруші едім – мына голым сол болды!»

Гол атаулыға ерлік жасадым деп емес, допты жәй тебе салғаным ғой деп жүретін Мессидің Мартинес соққан екінші доптан соң қос тізесін сындырып, көгалға отыра кетіп, бір минут бойы ессіз тойлауын мен бірінші рет көрдім. Бұрын соғылған допқа әйелі ұл тапқандай бұлай қуанғанын көрген емеспін. Кейіннен, ойын аяқталған соң, өзінің сол қылығына ұялғандай: «Бұл жеңіс Аргентина құрамасына керек емес, БҰЛ ЖЕҢІС АРГЕНТИНА ХАЛҚЫНА керек!» деді. Мұнан соң футболды қалай құдірет көрмейсің?! Ағылшындар жақсы ойнады. Соғылған голдарына дейінгі ойындарын айтамын. Одан соң олар сол бір доп басымдықты ұстап қаламыз деп қатты қателесті. Бапкері Т. Тухель де, шабуылшы Кейн де мұны мақұлдады. Сонау 1966-дан соң 60 жыл өткізіп барып, футбол тәжін киеміз бе деген ағылшындар бұл үміттерін тағы. 60 жылға қалдырды. Футболдағы көзге көріне бермейтін НАМЫС деген қасиет жайлы Мессидің аттас бапкері Скалони айтты: «Ел білмейді – Аргентинаның футбол жейдесін кидің бе: не жеңесің, не өлесің!»  Көп жанкүйер біле бермейтін бір нәрсе бар: ол менің Аргентина командасын жеңіліске қимай, әр жолғы сәуегейлік барысында жеңілдірмей алып шығып келе жатқаным! Тағы солай істеу үшін бір-ақ ойын қалды. Бірақ ол бір ойын 10 ойынға татитын тартысты матч. Содан алып шыға аламын ба? Тырысамын! Көмектесемін! Алладан сұраймын! Бұйыртса, Аргентина даңқты Бразилиядан кейін (1958,1962) қатарынан екі рет әлем чемпионы атанған екінші ел болар. Бұған қылышын қайрап отырған Испания көнсе. Нью-Йорктің даңқты аренасында осы жолы футбол тарихында тұңғыш рет су жаңа Еуропа чемпионы мен оданд а жаңа Оңтүстік Америка чемпионы кездеседі екен. Ал, көрейік – қара жердің қай пұшпағында допты дұрыс теуіп жүр екен?!

Несіп Жүнісбай,

АҚШ, Атланта, Джоржия штаты

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.