Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

НАРЫНҚОЛДАҒЫ АШЫҚ ТУРНИР ЗАМАНБЕК ПЕН АЛТЫНБЕКТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ

24.10.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
НАРЫНҚОЛДАҒЫ АШЫҚ ТУРНИР ЗАМАНБЕК ПЕН АЛТЫНБЕКТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Нарынқол ауылында қазақ күресінен мемлекет және қоғам қайраткерлері Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған Алматы облысының ашық турнирі өтті.

21 қазан күні сайыстың ашылу салтанаты, жеребе ойнату кезеңі өткізілді. Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан ауқымды шараға 3 дүркін Әлем барысы, 2 дүркін Қазақстан барысы, 4 дүркін Әлем чемпионы, 3 дүркін Азия барысы атанған Айбек Нұғымаров арнайы келіп, жұртшылыққа ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ жарыс кезінде Қазақстанға әйгілі түйе палуандар жалпақ жұртқа өз өнерлерін паш етті.

Ұлттық спорт додасына еліміздің алты өңірінен (Алматы қ., Шымкент қ., Қызылорда обл., Жамбыл обл., Түркістан обл., Абай обл.) жалпы саны 211 балуан қатысты. Барлығы 18 команданың құрамына енген 14-15 жасар спортшылар 10 салмақ дәрежесінде белдесті.

Күресте өзгеге есе жібермей, 1-орын иеленген балуандарға алтын белбеу, алтын медаль, 40 мың теңгелік сертификат табыс етілді. Ал 2-орынға табан тіреген спортшыларға арнайы дайындалған күміс медаль мен 30 мың теңге ақшалай сыйлық берілсе, 3-орынды қанжығасына байлағандарға қола медаль мен 15 мың теңге сертификат ұсынылды.

Жеңімпаздар тізімі мынадай:

• 38 келі салмақта:

1-орын: Арман Мыса, Еңбекшіқазақ ауданы
2-орын: Дінмұханбет Нұрберген, Еңбекшіқазақ ауданы
3-орын: Шиелі ауданы тумалары Алихан Тойбек пен Ілияс Пәттә

• 42 келі салмақта:

1-орын: Орынбасар Жанболатов, Шиелі ауданы
2-орын: Иманғали Хамитбеков, Шиелі ауданы
3-орын: Жәнібек Кенжебек, Панфилов ауданы және Бекарыс Бигалиев, Қарасай ауданы

• 46 келі салмақта:

1-орын: Мейіржан Сүлеймен, Панфилов ауданы
2-орын: Мереке Мұзарап, Шиелі ауданы
3-орын: Ернұр Қамза, Еңбекшіқазақ ауданы және Алихан Дүйсембай, Алматы қаласы

• 50 келі салмақта:

1-орын: Диас Маратұлы, Шиелі ауданы
2-орын: Махаметжан Анафия, Шымкент қаласы
3-орын: Жалғас Тұрсынбай, Қарасай ауданы және Бағдәулет Төлепов, Шиелі ауданы

• 55 келі салмақта:

1-орын: Нұрсұлтан Қауранбек, Кеген ауданы
2-орын: Елдар Бигалиев, Қарасай ауданы
3-орын: Азамат Қапалбай, Шиелі ауданы және Ерасыл Шаяхмет, Іле ауданы

• 60 келі салмақта:

1-орын: Мырзабек Мұстафаев, Шиелі ауданы
2-орын: Марлан Қуатнұр, Кеген ауданы
3-орын: Алихан Еркінұлы, Райымбек ауданы және Темірәлі Әлімжан, Шиелі ауданы

• 65 келі салмақта:

1-орын: Нұрдәулет Мұхамед, Еңбекшіқазақ ауданы
2-орын: Ердәулет Әбдімүтәліп, Шиелі ауданы
3-орын: Рамазан Нұранов, Еңбекшіқазақ ауданы және Дауыл Сүлейменов, Шиелі ауданы

• 70 келі салмақта:

1-орын: Шерхан Жүсіпәлі, Шымкент қаласы
2-орын: Бекзат Қойшымбек, Кеген ауданы
3-орын: Әли Өмірзақ, Райымбек ауданы және Нұрсұлтан Алжанбек, Кеген ауданы

• 75 келі салмақта:

1-орын: Нұрсейіт Сахыбай, Алматы қаласы
2-орын: Сабыржан Рәнтай, Шиелі ауданы
3-орын: Данил Гайнидинов, Ұйғыр ауданы және Санжар Ерзатұлы, Райымбек ауданы

• 75+ келі салмақта:

1-орын: Шыңғыс Ержанұлы, Алматы қаласы
2-орын: Аян Әлімхан, Алматы қаласы
3-орын: Бауыржан Аманжан, Кеген ауданы және Жаннұр Икрамов, Қарасай ауданы

Ал түйе палуандардың белдесуінде қарсыластарын шаң қаптырған тараздық спортшы Ғалымжан Қырықбай бас жүлдеге тігілген автокөлікті тізгіндеді. Қызылордалық Нұрым Сәлімгерев болса жүлделі 2-орынды иеленіп, 1 миллион теңге ақшалай жүлде алды. Алматылық Жансерік Жұмабай 3-орынға табан тіреп, сәйгүлік ерттеп қайтты.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Арнайы «Республика күні» мерекесіне орай ұйымдастырылды. Қасиетті Райымбек ауданынан шыққан қайраткерлерді еске алу мақсатында жан-жақтан ұлттық спорт түрімен айналысатын жеткіншектердің басын қостық. Әділ баға беруге тырыстық. Дегенмен, халық айтса, қалт айтпайды ғой, сол себепті бұл шараның нағыз бағасын, сынын халық өзі береді. Мереке құтты болсын!» – деді жарысты ұйымдастыру алқасының мүшесі, қазақ күресінің Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркін Сайдақов.

Күрестің аламаны аяқталып, өз мәресіне жеткен соң шараға жиналған қауым қайраткерлердің құрметіне жайылған дастарханда бас қосты.

Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ

Райымбек ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026
Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

17.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.