Қазақстандық боксшы Нұрислам Қалдыбаев Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.
60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Қалдыбаев бутандық қарсыласы Дечен Дорджимен өткен жекпе-жекте айқын басымдық танытты. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды — қазақстандық боксшының бауырдан жасаған дәл соққысынан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Бүгін, 6 тамыз күні Қазақстан құрамасынан тағы сегіз боксшы рингке шығады. Олардың төртеуі – ерлер, төртеуі – бұрымды боксшылар. Барлығы да жартылай финалдық жекпе-жектерге қатысады.
Айта кетейік, Таиланд астанасында өтіп жатқан құрлықтық додада Қазақстан құрамасы жүлделі орындар үшін таласты жалғастырып жатыр.





