Талдықорған: +7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ОЙЫНШЫҒА МІНЕЗ КЕРЕК

28.10.2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
ОЙЫНШЫҒА МІНЕЗ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу волейболы тек  елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелге жақсы таныс. Сары ала доптағы жетістігіміз бен нәтижеміз қуантады. «Жетісу» волейбол клубының түлегі болған ойыншылар бүгінде Ұлттық құрамада өз орнын тауып, жақсы ойынымен көзге түсіп жүр. Ұжым әлі талай ойыншының биік белесті бағындыруына үлес қосары анық. Бүгінде ойын өрнегімен көзге түсіп, келешегінен мол үміт күттіретіндердің бірі – Мерей Ақжолтай. 

Кейіпкеріміз волейболшыға әуелі мінездің қажет екенін айтады. Соңына дейін күрес жүргізе білетін, спортқа тән қайсарлық кез келгеннің бойынан табыла бермейді. Одан кейін төзімділік пен еңбекқорлықты да бұл тізімге жатқызуға болады. Дәл осындай ұстанымның арқасында Мерей 15 жасында Ұлттық лигада ойнады. Таңдаулы волейболшылардан жасақталған «Жетісудағы» ең жас ойыншы болды. Әрине, оңай болмағандығы белгілі, бірақ бұл үлкен жетістік еді. Зор тәжірибе. Одан кейін «Айқаракөз» (Талдықорған) командасында ойнап, үлкен сынақтардан өтті. Қиын кезеңдер де болды. Бәріне қасқайып қарсы тұрған ойыншы соның нәтижесінде төзімділікті, мықты болуды үйренді. Ал биылғы жоспары – «Айқаракөз-2» сапында жақсы ойнап, ұжым болып жеңіске жету. Бір межеге жетсең келесі шыңның менмұндалап тұратындығы бар. Мерей де бір деңгейдегі ойынымен қалып қоймай, жетістік жолында іздену мен үйренуді тоқтатпақ емес. Волейболды таңдайтындарға кейіпкерімізден кеңес: жылдамдықты талап ететін бұл керемет спорт түріне шыдамдылық керек, сол арқылы шыңдалатынды- ғына сену қажет. Бір сәттік сәтсіздікке жұтылып кетпей, еңсе тіктеп қарсы тұра білу – нағыз спортшыға тән қасиет. Әр істеген жаттығудың өз нәтижесі болады. Бір демдегі жаттығудан жетістік күту қате. Үзбей үнемі дайындалғанның бірде болмаса бірде жолы болады. 

Біздің анықтама:
2005 жылдың 19 ақпанында Көксу ауданында дүниеге кел- ген. Алғашқы бапкері – Айнұр Кеңесқызы. Бүгінде Оксана Адамованы жаттықтырады. 2016 жылдан бері волейбол ойнайды. Алаңдағы алғашқы міндеті орталық тосқауыл қоюшы болса, бүгінде либеро міндетін атқарады. 

Кез келген ойын сәті волейболшы үшін жауапты кезең. Қобалжу да, ойға шомып кететін сәт те жоқ емес. Мерейдің қорқынышын да, қобалжуын да әкесі мен анасының батасы сейілтіп, өзін еркін ұстауға көмектеседі. Тылсым күшке ие болады. Одан бөлек өз толқынысын Ариана Гранденің әндерімен басады. Басқа да жігерлендіретін әндер тыңдап, кездесу алдында көңіл-күйін қалыпқа түсіреді. Ал әр спортшыда бір сенімділік болады. Көп спортшыларымыз ырымды негізге алып, жарыс алдында сенімін күшейтіп жатса, біздің кейіпкеріміз мойнындағы сүйікті алқасы болса өзін жеңіл сезінетіндей. Ыңғайлы киім, ойынға деген салқынқандылық болса – спортшыға  жақсы нәтиже көрсетуге көмектеседі. 

Мерей 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының сапында Тайландта өткен Азия чемпионатында ойнады. Әр ойынын соңғы кездесудей өткізген волейболшының жеке жетістігі командалық нәтижеге үлкен әсер етті. Азулы Жапония, Корея, Қытай волейболшыларымен бір алаңда жолыққан волейболшыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсетті. Көзге түскен үздіктер қатарында Мерей де бар.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Көксу ауданында 27 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Көксуда ауданында 27 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

20.03.2026
Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

20.03.2026
Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

20.03.2026
Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

20.03.2026
Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

20.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.