Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Астана халықаралық әуежайында спортшыны салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға жанкүйерлер, спорт саласының өкілдері мен ресми тұлғалар қатысты.
Салтанатты жиын барысында Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына пәтер кілттері табысталды.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаушы.





