Атланта олимпиадасында (1996 жыл) еркін күрестен 52 келіде қола медаль алған жетісулық балуан Мәулен Мамыров жаңа қызметке тағайындалды. Осыған дейін 2007 жылдан бастап Алматы облысының, одан облыс бөлінгенде Жетісу облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығының директоры болды. Мәулен Мамыров енді Талдықорғандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне директор болып тағайындалды. Одан бөлек облыстағы жеті мекеменің басшысы ауысты.
Бұл былтыр Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңындағы негізгі өзгерістердің бірі – мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымында кемінде 4 жыл жұмыс жасаған бірінші басшыларды ротациялау бойынша жүзеге асты. Мәулен Мамыровтан бөлек ауыс-түйіс жасаған басшылар.
- Бекқали Шалапов Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (оның алдында Ақсу ауданы БЖСМ басқарды).
- Алмас Жапаров көгалдағы хоккейден МБЖСМ (оның алдында Кербұлақ ауданы БЖСМ).
- Дастан Балабеков Ақсу ауданының БЖСМ (оның алдында Сарқан ауданы БЖСМ).
- Махмуд Орман болса Олимпиадалық резертер дайындау орталығына (оның алдында көгалдағы хоккейден МБЖСМ).
- Ерлан Бақтыбаев «Жастар» спорт сарайына (оның алдында дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы).
- Бақтияр Қасимов дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына (оның алдында мектеп-интернат колледж)
- Алтай Асылхан Кербұлақ ауданының БЖСМ (оның алдында волейболдан БЖСМ)
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





