Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Ербол Хамитов алтын медаль алды. Бұл – Қазақстанның қысқы паралимпиада тарихындағы тұңғыш алтыны. Ербол Хамитов болса осыдан үш күн бұрын қола жүлдеге ие болған еді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ербол Хамитов биатлоннан 4,5 шақырымға із қуып жарысу (отырып жарысу) сынында жеңіске жетті. Күміс жүлдені украиналық Тарас Рад, қоланы қытай Цзысюй Лю алды.
Хамитовтың бұл паралимпиададағы екінші жүлдесі. Бұған дейін шаңғымен спринт жарысында қола медаль алған еді.





