Ескелді ауданына қарасты «Тау Жетісу» сауықтыру кешенінде парапланнан Әлем кубогы шымылдық түрді. Ұйымдастырушылардың үлкен сынға дайындығы жақсы.
Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев айтты.
Әлемнің 30-ға жуық елінен 100-ден астам спортшы келді. Бәсекелестік жыл санап өсіп келеді. Дәлдік пен тепе-теңдікті талап ететін параплан спортымен айналысушылар қатары көп.
– Жетісу жерінде осымен төртінші рет өткелі отыр. Әр турнирдің өзіндік ерекшелігі бар. Спортшыларға барлық жағдай қарастырылған. Желдің жиі соғуы әзірге жарыстың өтуіне еш кедергі емес. Тауда орналасқандықтан ауа райы тұрақты, – дейді Рүстем Жарқынбайұлы.
Ел спортшыларына артылар үміт пен сенім басым. Былтыр Адэль Ниязова (І орын), Альбина Виршки (ІІ орын), Яна Асқар (ІІІ орын), ал ерлер арасында Алмас Ахметов (ІІ орын) көзге түсіп, мерейі үстем болған. Бүгін басталған Әлем кубогы 18 маусымда аяқталады.
Қали АСҚАР





