Чарльстонда (АҚШ) өтіп жатқан WTA 500 турнирінде италиялық Элизабетта Коччиареттомен жұп құрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ширек финалда Екатерина Горгодзе (Грузия)/Рената Сарасуа (Мексика) жұбын жеңіпді. Есеп – 3:6, 7:5, 10:7. Матч 1 сағат 42 минутқа созылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Осылайша Путинцева мен Коччиаретто турнирдің жартылай финалына жолдама алып отыр. Финалға өту үшін олар америкалық жұп Дезире Кравчик пен Кэти Макналлиді жеңуі керек.
Еске салайық, Юлия Путинцева жекелей сында наурыз айында Майами турниріне қатысып, алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді. Ол кезде Юлия өзге қазақстандық Елена Рыбакинаға жол берген.





