Алматылық «Қайрат» тарихи жетістікке қол жеткізді.
Алматыда өткен жауапты матчтың негізгі және қосымша уақыты тең нәтижемен аяқталды — 0:0. Екі кездесудің қорытындысы бойынша да есеп ашылмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
11 метрлік айып добын орындау кезінде «Қайрат» ойыншыларының жүйкесі мықтырақ болып шықты. Мартынович, Арад және Сорокин өз соққыларын сәтті жүзеге асырды. Қақпашы бірнеше соққыны қайтарып, командасын алға шығарды. Қорытынды есеп — 3:2.
Осылайша, «Қайрат» алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Ал «Селтик» енді Еуропа лигасында өнер көрсетеді.
Дереккөз: Stan.kz





