«Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынға билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де сатылымға шығарылады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Билеттерді «Қайрат» футбол клубының ресми сайтынан және Ticketon платформасынан сатып алуға болады.
Маңызды шарттар:
-
бір ЖСН-мен 2 билеттен артық сатып алуға болмайды;
-
сатып алу кезінде және стадионға кіргенде деректер мұқият тексеріледі.
Клуб мәліметінше, билет бағасы 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін белгіленген.





