Қазақстандық танымал боксшы Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясында жаңа қызметке кірісті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы федерацияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Берілген ақпаратқа сәйкес, Қанат Ислам енді жастар құрамасының жұмысын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Ол отандық бокста жас спортшылардың дайындығын жүйелеуге, халықаралық ареналардағы көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жұмыстарға үлес қоспақ.
Қанат Ислам 1984 жылы дүниеге келген. Ол кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe нұсқасы бойынша чемпион атанған.
Әуесқой бокста Қытай құрамасы сапында өнер көрсетіп, Бейжің Олимпиадасында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған.
2010 жылдан бері Қазақстан азаматы. Сонымен қатар «Астана Арландары» кәсіпқой клубының сапында жұдырықтасқан. Кәсіпқой мансабында 30 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сін нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің де Қазақстан бокс федерациясында жаңа қызметке тағайындалғаны хабарланған еді. Ол федерация президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келген.





