Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақ боксы әлемді мойындатты

Спорт әлемінде ағайындылардың топжарып, жаһанды мойындатуы өте сирек құбылыс. Ағалы-інілі боксшылардың ұлттық құрамаға қабылданып, жеңімпаздар тұғырында бірінен кейін бірі тұруы – тарих. Ливерпульде (Англия) 2023 жылы құрылған World Boxing ұйымының алғаш ұйымдастыруымен өткен (осыған дейін AIBA кейіннен атауын өзгертіп IBA, өткізіп келген) бокстан Әлем чемпионаты аяқталды. Қорытынды есеп бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен (10 жүлде) көш бастады. Он күнге созылған бұл жарыстың жөні бөлек. Алқалаған елді алтынмен қуантқан ағайындылардың жеңісі де тарихтың бір парағына айрықша жазылды.

18.09.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Қазақ боксы әлемді мойындатты
WhatsAppTelegramFacebook

АЛТЫН АЛҒАН АҒАЙЫНДЫЛАР

Бүгінгі қазақ боксында жүрген Айбек пен Нұрбек Оралбай, Махмұд пен Төрехан Сабырхан, Саматәлі мен Санатәлі Төлтай, Данияр мен Нұрлан Сапарбай сынды ағайындылардың әр қадамы ел назарында. Дзюдодағы ағалы-қарындас жапон спортшылары Хифуми және Уте Абе бір күнде Олимпиаданың алтынын алып, бір күнде Әлем чемпионатында топ жарғанда іштей қызғанып та қалғанбыз. Ал Мерси өзенінің жағасындағы әйгілі қалада өткен бокстан Әлем чемпионатында ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан қатар жеңіске жеткенде әлемдік басылымдар жарыса жазып, таңғала айтып жатты. Біздің бойды мақтаныш сезімі кернеді.

Бұла күші бойында қайнап тұрған Төрехан Сабырханның әр кездесуін әлемдік мамандар талқылап, ерекшеліктеріне тоқталып жатты. Жекпе-жек барысында төрешілер бұра тартып, есеп жағынан жеңіліп жатса қарсыласына айбат шеге өршелене соққылап, сол мезетте мықтылығын көрсететін қайсарлығына тәнті. Қосымша шоу да жасай алады, өзіне бек сенімді. Тәтөш (еркелетіп солай атайды) 70 келіде сынға түсіп, 1/16 финалда алжирлік Юсуф Яичені (3:1), 1/8 финалда нидерланд Финн Босты (4:1), ширек финалда Еуропа ойындарының жүлдегері (2023 жылы 71 келіде қола алған) франциялық Макан Траорені (5:0) жеңіп, жартылай финалда англиялық Одель Камараны (4:1) соққының астына алып, финалда әлем чемпионы (2021 жылы Белградта алтын алды) жапониялық Севон Оказавадан айласын асырды. Осылайша ұлттық құрамадағы алғашқы жарысында 19 жастағы Төрехан Сабырхан әлем чемпионы болды. Бұл ел боксының тарихындағы әлем чемпионы болған ең жас боксшы. Оның алдында Жәнібек Әлімханұлы (2013 жылы) мен Санжар Тәшкенбай (2023 жылы) 20 жасында бұл шыңды бағындырған еді. Төрехан осыған дейін жасөспірім мен жастар арасындағы Азия чемпионатын төрт рет жеңген әзірге жалғыз боксшы. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасының іріктеуіне қатысып көргісі келген, алайда ереже бойынша жасы келмегендіктен тыс қалды.

Жеңісінен кейін тілшілерге берген сұхбатында Төрехан: «Тарих «кабинетінен» басталған боксты соңына дейін апарамыз», –деді. Финалдық жекпе-жектің алдында бокстан ұлттық құрама капитаны болған, әлем чемпионы (2023 жыл, Ташкент) Асланбек Шымбергеновтің ақыл-кеңес беріп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда ағасы інісіне бұрыштан бұрышқа тығып, оның ойлануына мүмкіндік берместен жанына жақын ұстау керектігін ескертеді. Ал Тәтөш шешуші кездесуде дәл солай істеді, даңқты қарсыласы білгенінен жаңылды.

Төреханнан бұрын тұғырға Махмұд көтерілген. Өз жеңісінен бұрын, кейін шығатын інісін ойлағаннан қуаныштың белгісі байқалмай, қатты алаңдағанын көруге болады. Махмұд бұл әлем чемпионатында өз қолтаңбасын қалыптастырған, азулы боксшыға айналғанын анық көрсетті. Әлем чемпионатында бірінші болып мексикалық Брайан Ортисті (5:0) жеңіп, одан кейін косоволық Башким Баджокуды техникалық нокаутқа түсіріп, ширек финалда жапон Руи Ямагучиді (5:0), жартылай финалда қытайлық Лю Чуангты (5:0) айқын ұтып, финалда Еуропа чемпионатының жүлдегері испаниялық Рафаэль Лосаноға (5:0) еш мүмкіндік бермеді.

Ілияс Омарбековтің Англияда жеңіске жеткен ағайынды шәкірттерінің есімі бокс тарихында алтын әріппен жазылатыны анық. Жеке бапкері финалға екеуінің шыққан сәтінде көз жасына ерік беріп, шаршы алаңның сыртынан күтіп алған сәті жүректі елжіретеді. Тәтөш өз кумирі Флойд Мейвезер сияқты жеңіліссіз чемпион болуды қалайды. Әзірге әуесқой бокста тек бір жеңілісі ғана бар. Былтыр Бакуде өткен Аббас Агаларовты еске алуға арналған турнирдің финалына дейін барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, шешуші сәтте Әзірбайжандағы ықпалды азаматтардың араласуымен ұйымдастырушылардың, төрешілердің көңілі бұрып, есепті еселеп қарсыласына ұстатып жатқаннан кейін үшінші раунд басталмай кездесуден бас тартып, әзірбайжан Аббасугулу Шадлинскийден жеңілді. Маятастан (ред. Түркістан облысындағы ауыл) шыққан ағайындылар бокс әлемінде Виталий мен Владимир Кличко, Леон мен Майкл Спинкс, Джермалл мен Джермелл Чарло сияқты өз жолдарын қалыптастыратынына сенім мол.

Одан бөлек, бір күнде алмаса да Нұрбектен (2023 жылы Ташкент) кейін биыл сәті түсіп ағасы Айбек Оралбайдың жеңіске жеткендігі ел аузында. Ол аса ауыр салмақта (+90 келі) жұдырықтасып, түркиялық Мюхаит Ілиясты (5:0), хорват Лука Пратлячичті (5:0) жарыс жолынан шығарып, жартылай финалда әйгілі Олимпиаданың екі дүркін чемпионы кубалық Хулио Сесар Ла Курспен «кескілескен» кездесуде жеңіске жетіп (3:2), финалда өзбек Жаһангір Зәкіровті (3.2) ұтты. Осылайша бокстан әлем чемпионы болған ағайындылар тізімі көбейді.

ОН СЕГІЗ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖЕҢІС

Осыған дейін әлем чемпионатын екі рет жеңген жалғыз Серік Сәпиев (2005 Маньян; 2007 Чикаго) еді. Ливерпульдегі жарыстан кейін қатары көбейіп, екінші мәрте әлемнің алтынын алғандар шықты. Бұған дейін Данияр Елеусінов (2013 жылы Алматыда алтын, 2015 жылы Дохада күміс), Галиб Жафаров (2001 жылы Белфаста күміс, 2003 жылы Бангкокта алтын), Болат Жұмаділов (1995 жылы Берлинде күміс, 1997 жылы Будапеште қола, 1999 жылы Хьюстонда алтын) бір саты шақ қалған. Еске сала кетейік, IBA 2023 жылы Өзбекстанда ұйымдастырған әлем чемпионатында жеңіл салмақтағы (50 келі) Санжар Тәшкенбай финалда грузин Сахил Алахвердовиді жеңіп, әлем чемпионы болған. Енді, міне, екінші Әлем чемпионатында топ жарды. Ливерпульдегі чемпионатта әуелі иорданиялық Хутайфа Эшишті (3:2), үнді Джадумани Сингхті (4:0), жартылай финалда өткен әлем чемпионатында қола алған кубалық Алехандро Клароны (4:1) жеңіп, финалда моңғол Алдархишигиин Баттулганы (5:0) ұтты. Бұл Сәпиевтен кейін он сегіз жыл күткен жеңіс еді. Екінші рет әлем чемпионы атанған екінші боксшы. Бұл жетістікті қайталаған үшінші боксшы – Махмұд Сабырхан. Ол да 2023 жылы Ташкенте топжарғандар қатарында болса, бүгінде қарсыластарынан басым түсті.

Қыздарымыз да жарады. Сербияның Ниш қаласында жыл басында болған IBA әлем чемпионатында жеңіске жеткен Алуа Балқыбекова (51 келі) мен Аида Әбікеева (65 келі) осы жолы да алтыннан алқа тақты. Одан бөлек, Наталья Богданова (70 келі) чемпион атанды. Ал үш дүркін әлем чемпионы (2014 Чеджу; 2016 Астана; 2025 Ниш) Назым Қызайбай (48 келі) финалда үнді қызы Минакши Худадан (1:4) жеңіліп, күміс алды.

Жалпы еліміз 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль (10 медаль) алып, жарысты І-орынмен аяқтады. Одан кейін 6 алтын, 2 күміс, 3 қола (11 медаль) алған Өзбекстан екінші орын, 2 алтын, 1 күміс, 1 қола (жалпы 4 медаль) Үндістан үшінші орынды түйіндеді. Боксшылардың жеңісінен кейін іле-шала ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы құттықтай келе «Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» деген жазба қалдырды. Бүгінгі жеңіс ертеңгі үлкен жеңістің бастауы болсын!

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.