Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
ҚР ҰОК мәліметінше, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жылқайдар ресейлік Рахим Хамхоевке есе жіберді.
Сол салмақта тағы бір қазақстандық дзюдошы Ролан Қайрғали қола үшін белдесуде канадалық Анечка Матиді ұтып, үшінші орынға ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге төрт жүлде бар:
-
Ернұр Батырғали (60 кг дейін) – алтын,
-
Арман Мыса (50 кг дейін) – қола,
-
Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 кг дейін) – күміс,
-
Ролан Қайрғали (66 кг дейін) – қола.





