Жұма күні, 10 қазанда, Астанада 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейн командасына қарсы ойнайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Матч алдындағы жағдай бойынша, Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай бар және команда J тобында төртінші орында тұр. Ал Лихтенштейн әзірге ұпай жинай алмай, бесінші орында орналасқан.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы іріктеу кезеңіндегі жалғыз жеңісін наурыз айында сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтып тіркеген болатын.
J тобының турнир кестесі:
-
Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
-
Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
-
Уэльс – 10 ұпай (5 матч)
-
Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
-
Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч)





