Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қырсық бір айналдырса… «Жетісудың» айыппұлы өсіп барады

12.09.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

"Жетісу" ФК

WhatsAppTelegramFacebook

Кейінгі кезде «Жетісу» футбол клубы жөнінде жиі айтылып, жазылып жатыр. Жақсы жағынан болса, қуанар ек. Өкінішке қарай, команданың турнирлік кестеде құлдилауы, директордың біраз уақыт үнсіз таптырмай кетуі сынды жаңалықтар ақпарат аламанының алдыңғы қатарында жүрді. «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады». «Жетісу» футбол клубына тағы бір қауіп төніп тұр? Бұл екі жылға трансферден шет қалып, айыппұл төлеу. Алдынан шыққан әр кедергіні әупірімдеп өткеріп келе жатқан «Жетісудың» келесі қадамы қалай болмақ?

Дәл қазір клубты басқарып отырған директор Марк Груманнан бір сәтте бүкіл маусымға деп берілген қаражаттың есебін сұрағанда, үнсіз жоғалып, артынша арнайы сұхбат беріп, қолындағы қағаздарын көрсеткен. Белгілі бір күшке ұнамаған болса керек, қуадалау әлі де бар.иБірақ Марк Гурманның жұмысына да оң баға беріп, ақтап ала алмаймыз. Турнирлік кестенің төменгі жағына жайғасқан команда келер маусымды Бірінші лигада өткізуі де ғажап емес. Мүмкін маусым соңын ерекше қарқынмен аяқтап, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалар. Қазақстан чемпионатының жоғарғы сатысына қалу үшін қазір «Қызыл-Жар», «Атырау» (екеуінде де 23 ұпай), «Алтай», «Жетісу» (екеуінде 22 ұпай) және «Ертіс» пен «Қайсар» (екеуінде 20 ұпай). Талас-тартыс соңғы турға дейін жалғасатындығы анық.

«Жетісу» футбол клубына қатысты шу басылғандай көрінген, алайда қайта тұтанды. Тамыз айында ФИФА талдықорғандық командаға қойған шектеуді уақытша алып тастаған. Бірақ жетісулықтар тарапынан ешқандай ілгерулеу байқалмады.

Белгілі журналист Елдар Аманбаев: «Жетісулықтардың алдында қатаң мерзім тұр: егер клуб бүгінгі күннің соңына дейін 55 миллион теңге қарызды жаппаса, бұл сомаға қосымша 5 000 еуро айыппұл қосылуы мүмкін. Егер келесі аптада клуб қарызды толық өтемесе, жағдай одан сайын ушығып, қосымша 10 000 еуро көлеміндегі қаржылық міндеттемелерді де өтеу керек болады. Ал егер бүкіл берешек осы айдың соңына дейін толық төленбесе, «Жетісуға» екі жылға дейінгі мерзімле трансферлік шекутеулер сияқты тым қатал санкцияларға тап болуы ықтимал. Егер клуб шынымен де екі жылдық бан алса, бір немесе екі жылдан кейін «Жетісудың» күні не болады? Әсіресе, команданың қазірдің өзінде оңай емес маусымды өткеріп жатқанын ескерсек», – дейді.

Әбден титықтаған «Жетісу» бұл тығырықты қалай өткеретіндігі белгісіз. Әсіресе, дәл қазір клуб директоры басқарма басшыларының қудалауында жүрсе, блогерлердің сұрақтарынан жалтарса…

«Жетісу» футбол клубы жазғы трансферлік ауыс-түйісте де білек сыбанып кірісе алмады. ФИФА биылғы жылдың 12 мамырында трансферлік шектеу қойып, тек 7 тамызда (ол кезде елдегі ауыс-түйіс аяқталған, тек еркін агенттегі ойыншыларды ғана қатарына қоса алады) алып тастады. Осы бір олқылықтан қорытынды шығармаған команда енді үлкен тығырыққа тірелді.

Дәл қазір турнирлік кестеге көз жүгіртсек, «Жетісу» футбол клубы 24 ойыннан кейін (5 жеңіс, 7 тең, 12 жеңіліс) 22 ұпаймен 14-орында тұр. Талдықорғандықтар қарсылас қақпасына 25 гол салып, өз қақпасына 41 доп жіберді. Чемпионаттың аяқталуына 6 тур қалды. Осы аралықта жағдай жақсармаса, одан әрі ушығатындығы белгілі. «Жетісу» маусым соңындағы ойындарын «Елім-ай», «Каспий», «Қайрат», «Қайсар», «Тобыл» және «Астана» командасына қарсы өткізеді. Чемпиондыққа үмітті командалармен кездесетіндігін ескерсек, жетісулықтарға оңай болмайтындығы анық.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жүректе қалған жаңғырық

Мөлдір сезім, мөлтек хикая

12.09.2026
Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

12.09.2026
Өңірдің цифрлық әлеуеті

Өңірдің цифрлық әлеуеті

12.09.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

Қырсық бір айналдырса… «Жетісудың» айыппұлы өсіп барады

12.09.2026
Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

12.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.