Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Әр қиырдың қазақтары бас қосты

04.06.2016
АЛТЫН ТҰҒЫР
Әр қиырдың қазақтары бас қосты
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда Қа­зақ­стан Респуб­ликасы Тәуелсіз­дігінің    25 жыл­дығы, Зуқа батыр Cәбитұлының 150 жылдығына aр­налған «Eр Жәні­бек кубогы» үшін шағын футболдан халық­аралық тур­нир өтті. Тур­нир­де Фран­ция, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Иран, Өзбекстан елде­рінде тұратын қазақ жас­тарынан құралған 12 ко­манда мен Қазақ­станның әр өңірінен жасақ­талған 12 команда бақ сынады.

Халықаралық турнирді Зуқа батыр Cәбитұлының 150 жылдық мерей­той­ы­на арнауының да өзіндік тарихи маңызы бар. «Зауқа батыр (1866–1929) ХХ ға­сырдың басында Шыңжаңдағы қазақ­тар­дың байырғы қонысы Алтай айма­ғына Қытай билігі тағайындаған (қо­сым­­ша қорғаныс елшісі) аймақтық әкім­­шіліктің озбыр басшыларына, ха­лық­­ты қанаған ұлықтардың зорлық-зом­былығына қарсы шығып, Қытай­дағы қазақтардың Ұлт-азаттық көтері­лісін бастаған алғашқы батырлардың бірі. 1929 жылы күрескер Зуқа батырды қытайдың жазалаушы әскерлері қапыда ұстап, қастандықпен өлтірген», – дейді тарих ғылымдарының докторы Жа­нымхан Ошан.

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шағын футболдан өткен халық­ара­лық турнирдің мақсаты – әлемнің  40-тан астам елінде өмір сүріп жатқан қазақ жастарының басын қосу, бір-бірі­мен таныстыру, Тәуелсіз ел, атажұрты Қазақ­станмен қауыштыру. «Әлемнің  40-тан астам елінде қазақтар тұрады. «Ер Жә­нібек» қоры шетелде тұратын қазақ жас­тарынан құралған футбол коман­даларын елге шақырып, турнир өткізіп жатыр. Шет­елдегі қазақтарға Қазақстан де­ген ота­ны бар екенін ұғындырып, әр­қашанда олардың иықтарын тік көтеріп, «Мен қа­зақ­пын!» деп рухты жүрулері үшін осын­дай шара ұйымдастырылды», – дейді Дү­ниежүзі қазақтары қауымдас­тығы төр­ал­қа төрағасының бірінші орын­басары Талғат Мамашев. Ал Францияда тұра­тын қазақ жастарынан құралған «Parij Kazak Sport» командасын бастап келген кәсіпкер Тәбәрак Догу: «Еуропа­дағы қазақ жастарының көбі ана тілінде сөй­лей алмайды. Сол мақсатта, Фран­ция­да тұрып жатқан қазақтардың бала­ла­рына атажұртын көрсетіп, осындағы өз қатар­лы жастарымен танысуы үшін халық­аралық турнирге бастап келдік», – дейді.

Футбол жарысына қатысқан 24 ко­ман­даның үздіктерін іріктеу төрешілерге де оңайға түскен жоқ. «Eр Жәнібек ку­бо­гын» сарапқа салған сайысқа төрелік ет­кен Болат Жахин, Алмас Аббасовтың ше­шімімен Қытайдан келген бес коман­даның бірі, «Мұзтау» командасы кубогты қанжығасына байлады. Екінші орынды қазақстандық жастардан құралған «Бір­лік-Керуен» командасы, үшінші орынды Ресейдің Омбы қаласынан келген «На­мыс» командасы, төртінші орынды Алма­тылық «Saing tex» командасы еншіледі. «Қазақстанды атажұртымыз ретінде са­ғы­нып, аңсап келеміз. Бұл жақта туыс-туғандарымыз, дос-жарандарымыз тұра­ды. Біз де болашағымызды Қазақ­стан­мен тығыз байланыстырамыз. Міне, жар­ты жылдай дайындалған спорттық ша­ра­ға келіп қатысып, былтыр ұтып алған ку­бог­ты қайтып алып бара жатырмыз. Бар­лық ұйымдастырушыларға командамыз­дың атынан алғас білдіреміз», – дейді «Мұз­тау» командасының капитаны Серік Сар­қытбайұлы. Сондай-ақ, тартысты бә­се­кеде әр командадан үздік ойын көр­сет­кен спортшылар төрт номинация бойын­ша марапатталды. «Үздік қорғаушы» ата­лымын Қытайдан келген «Мұзтау» ко­мандасының ойыншысы Әділ Асан ие­ленсе, халықаралық турнирде Ресейдің Омбы қаласынан келген Данияр Тоқпанов «Үздік шабуылшы» атанды. Ал екі күн­ге созылған сайыста Алматылық «Бірлік-Керуен» командасының ойыншысы Тал­ғат Ғабиназар «Сұрмерген», Қытайдан кел­ген «Үштас» командасының ойыншы­сы Қасымжан Мұхтаржан «Үздік қақ­пашы» номинациясын жеңіп алды. «Ом­быда 100 мың қазақ тұрады. Біз диаспора емес, Омбының байырғы қазақтарымыз. Арқа сүйеріміз Қазақстан, Тәуелсіз елі­міздегі әрбір ұлтқа жанашыр батыр аза­мат­тар», – дейді Омбы қаласынан «На­мыс» командасын бастап келген Алтынай Жүнісова.  

Сондай-ақ, халықаралық турнирде жас суретші Гүлназым Өмірұзақ арнайы көрме ұйымдастырып, жарыс соңында шетелден келген бірнеше командаға өз қолымен салған картиналарын сыйға тартты.

Бұл турнир – Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы мен Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойына арналып, Алматыда өткен алғашқы халықаралық шара. «Жарыс сәтті өтті. Біз өз мақсатымызға жеткендей болдық. Шетелден келген қазақ жастары мен қазақстандық жастар ынтымақты, берекелі болудың үлгісін көрсетті. Осы орайда, «Ер Жәнібек» қорының турниріне қолдау көрсеткен, демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға да алғысымды біл­діремін», – дейді «Ер Жәнібек» халық­ара­лық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия. Сондай-ақ, қор президенті бұл дәстүрлі турнирді жыл сайын Қазақ­стан­да ғана емес, қазақтар тұратын әлемнің әр қаласында да өткізіп тұру жоспары бар екенін де жеткізді.

Алғыс Серік.

 

Қатысты жаңалықтар

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026
Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

30.01.2026
Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.