Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы

10 қыркүйек 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2026)  жартылай финалына шықты.  Нью-Йоркте өтіп жатқан турнирдің ширек финалында Олимпиада чемпионы қытайлық Чжэн Циньвэньді  үш сетте 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Алғашқы партияда қарсыласына есе жіберген қазақстандық спортшы екінші сеттен бастап ойынды толық қолына алды. Шешуші кезеңде (есеп 4:4 болған сәтте) брейк жасап, жартылай финал жолдамасын жұлып алды.

Бұл жеңіс Елена Рыбакинаның әлемдік теннис тағына көтерілуін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. WTA ресми хабарлағандай, қытайлық спортшыны ұтқан жағдайда қазақстандық теннисші US Open бәсекесінің соңғы нәтижесіне қарамастан, жаңартылған рейтингте бірінші орынға шығатыны айтылған еді. Осылайша, ол 2024 жылдың күзінен бері көш бастап тұрған беларусьтік Арина Соболенконы ығыстырып, мансабында тұңғыш рет әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіне ресми түрде қол жеткізді. Бұған дейін берген сұхбаттарында Рыбакина рейтингтің шыңына шығу басты армандарының бірі екенін, алайда өзі үшін әр кездесу мен жаңа титулдар бәрінен маңызды екенін талай атап өткен.

Биылғы бәсеке Рыбакина үшін Нью-Йорктегі ең сәтті додаға айналды. 2026 жылға дейін ол аталған «Үлкен дулыға» жарысында тіпті ширек финалға да жетіп көрмеген еді. Ал бұл жолы төртінші айналымда осы жарыстың екі дүркін чемпионы, жапониялық Наоми Осаканы небәрі бір сағаттан астам уақыт ішінде 6:1, 6:4 есебімен ойсырата ұтып, барлық «Үлкен дулыға» турнирлерінің ширек финалына шыққан алғашқы қазақстандық атанды. Жарыс алдында тобығынан жарақат алып, оның кортқа шығуы екіталай болған. Қиындыққа қарамастан мінез көрсеткен Рыбакина енді мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» кубогын алуға ниетті.

«Жетісу-Ақпарат».

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.