Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында америкалық Хейли Баптистен (№50) басым түсті.
Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Матч нәтижесі – 6:4, 6:3, Рыбакина жеңіске жетті.
«Бүгінгі ойынымдағы подачама өте ризамын. Хейли — оңай қарсылас емес. Оның қолы шебер, кейде турда көп қыз орындай алмайтын ерекше соққылар жасайды… Жалпы, бүгінгі ойыныма көңілім толады», – деді теннисші.
Келесі матч 31 шілде күні өтеді. Рыбакина румыниялық Жаклин Кристианмен (№52) кездеседі. Ол бұған дейін чехиялық теннисші Линда Носковадан (№23) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен болатын.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры – 5 152 599 АҚШ доллары.





