Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде әлемнің бесінші, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда сүрінді.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингте 20-орында тұрған чехиялық Каролина Муховадан күтпеген жерден үш сетке созылған ойында жеңілді. Есеп – 2:6, 6:2, 4:6. Мухованың жартылай финалдағы қарсыласы былтыр дәл осы турнирде чемпион болған беларусиялық Арина Соболенко.
Брисбен турнирінің ширек финалына шыққаны үшін Елена Рыбакина 37 640 доллар (19 миллион теңге) және рейтингте 108 ұпай алды. Рыбакина турнирдегі бірінші ойында қытай қызы Шуай Чжанды (2:0 — 6:3, 7:5), екінші айналымда испан Пауло Бадосаны (2:0 — 6:3, 6:2) жеңген болатын.
Жарыс 11 қаңтарда аяқталады. Жеңімпаз 214 530 доллар (110 миллион теңге) алып, рейтингте 500 ұпай қосылады.
«ЖЕТІСУ — АҚПАРАТ»





