Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова ел чемпионаты аяқталар тұста «Астана» командасымен келісімшартын үзіп, маусымды ерте аяқтады. Алдағы болатын шешуші турларға қатыспайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл жөнінде волейболшы өзі: «Елімізде кезекті волейбол маусымы нағыз қызған шағында. Өкінішке қарай белгілі бір себептермен маусымды аяқтауға тура келіп тұр. Ал спорттық мансабымды жалғастырасыз ба, дейсіз бе? Әрине, менен жаңалық күтіңіз», – деді.
29 жастағы қазақстандық волейболшы биылғы маусым басында «Астанаға» «Yogya Falcons» (Индонезия) командасынан ауысып келген болатын. Оның алдында «Al Wasl» (БАӘ), «VolAlto 2.0 Caserta» (Италия) және «Алматы» командаларында ойнады.





