Ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Сайрамкез Ақмолда күміс медаль алды.
Сайрамкез 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні бағындырды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 292 келі көтерген спортшымыз ІІ-орынға ие болды.
І-орын. Ри Вон Джи — 317 келі (137+180)
ІІ-орын. Сайрамкез Ақмолда — 292 келі (126+166)
ІІІ-орын. Тереват Ратфет — 286 келі (128+158)
Бұл Азия чемпионатында биыл Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай береді.
Серік ҚАНТАЙ
Сурет: Тұрлыжан Әйтенов





