Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Сарыесіктің саңлағы

13.07.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Сарыесіктің саңлағы
WhatsAppTelegramFacebook

Қуан, қазақ! Күні кеше ғана Бейжің қаласынан қуанышты хабар жетті. Аузынан от бүркіген айдаhарлы елде өткен дүбірлі додада қазақ баласы жүлделі орыннан көрініп, қазақ тарихына жаңа бір есімді жазды. Бәріңізге белгілі, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жетісулық Нұрбақыт Теңізбаев күрестен қола медальді еншілеген еді. Енді, міне, араға біраз жылды салып, парасадақ атудан Азия чемпионатында жерлесіміз Нұршат Төлеуқасым жекелей сында қола тұғырдан қол бұлғады. 2023 жылы да осы Нұршат Төлеуқасым алғаш рет Азия чемпионатында жұптық кезеңде қолаға қол созып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. Енді, міне, жекелей сында да бағы жанып, тарихты жаңартып отыр.

БІР КЕМ ДҮНИЕ

Жарыс жайлы жазбас бұрын сәл шегініс жасап, Нұршаттың өмір тарихынан аз-кем ақпар бере кетейін. Қаратал өзенінің Балқаш көліне құяр сағасын ежелден Сарыесік деп атаған. Осынау бір тарихи атаудың берілуінде де өзіндік мән бар. Көл жағалаған халық Балқаштың жағасындағы ну қамысты жарып, есік жасайды. Сол арқылы көл бетіне шығып, Көкше теңізден маржан сүзіп, өз нәпақаларын табады. Осылайша отырықшы жұрт көлге өтер өткелді «Сарыесік» деп атап кеткен-ді. Міне, сол бұйраланған құм мен Көкше теңіз жағасында кішкене ғана Көпбірлік деген ауыл бар. Нұршат осы ауылдың тумасы. Талай тарландардың томағасын сыпырған киелі ауылдың баласы бабаларындай батыр, өжет болып өсті. Арғы аталары қолына қылыш алып, жауға шапқан баһадүр Бәйшегір бабасы мен елдің ұраны болған Мықтыбек би. Атасы Терлікбайдай найзасы қайралып өскен өскін сол ауылдың мақтанышына айналып келеді. Әр істің қасында бір «әттегенайы» жүретіні белгілі емес пе?! Нұршат та ел қатарлы доп теуіп, боз кілемде алысып өскен азамат болатын. Мектеп қабырғасын жақсыға тамамдап, жоғары оқуын бітіріп, өмірден ерте өткен әкесі Мейрамқасымның жолын жалғап, ұстаздық қызметке белсене кіріседі. Алдындағы ағасы Алмат пен анасы Мейрамғайшаның көз қуанышына айналып, ер жетіп келе жатқан еді. Ауыл тұрғындары Нұршаттың жүріс-тұрысына, істеген ісіне сүйсіне қарап, болашағынан көп үміт күтіп, үнемі қолдау білдіретін. 2019 жылы Бәйшегір ауылында «Бәйшегір баба» атындағы мешіттің ашылу салтанатында боз кілемге шығып, сол жерде ауыр жарақаттанды. Оған дейін де біраз додаларда қарсыласқанның жігерін құм етіп, белдескеннің қабырғасын сөгіп жүрген Нұршат бұл жолы сәтсіз жасалған әдістен омыртқасын сындырып алады. Нағыз тепсе темір үзетін шағында бел омыртқасын сындырып, қоларбаға таңылып қалады деп кім ойлаған. Жас жігіт қой, аяққа тұрып кетеді дегендер көп болды. Тілеуін тілеп, болашағына үміт артты. Өкінішке қарай, Нұршат енді қайтып боз кілемге аяқ баспады. Жастық дәурен анасының көз алдында солып бара жатқандай көрінді. Ұлы үшін үлкен емханалардың есігін ашып, баласының аттай шауып кетуіне бар күш-жігерін жұмсады. Қолдан келгеннің бәрін істегенімен Нұршатты аяққа тұрғыза алмады. Алланың жазғаны осы болар, көнбеске амал қалмады. «Алла сынақты да көтеретін құлына береді» – дейді. Отызға толар толмас шағында өмірлік серігі Мейрамқасымнан айырылып, қос құлынын бір өзі көшке ілестіріп, ағысқа қарсы жүзді. Амал нешік, алдан тағы бір ауыртпалық күтіп тұрды. Қайран ана қабырғасы қайысып, омыртқасы майысса да бұл ауырлықты нар жүгіндей көтере білді. Болған іске сабырлық танытып, ұлының намысын жықпауға тырысты. Кешегі талайларды жүлдеден айырған Нұршат балуан боз кілемге қайта оралмады. «Бір кем дүние» деген осы болар!

 

ЕР ҚАЙРАТЫ

Нұршат бұл сынаққа сынбады. Бойында батыр бабаларының рухы бар, мен енді керексіз адаммын демеді. Қоғамнан оқшауланып, тар төсекке таңылып жатып алуды қаламады. Қаладағы оңалту орталықтарына барып, өзін-өзі шыңдады. Өзімен тағдырлас адамдармен араласып, өмірге басқаша көзқараспен қарауға тырысты. Елдің мүсіркей қарағанына емес, мен қоғамның толыққанды мүшесімін, еліме әлі де пайдамды тигіземін деген қанатты сөзді жүрегіне жазып, ер қайратына мінді. Осылайша қоларбасының доңғалағын дөңгелетіп, Талдықорған қаласындағы «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына» барды. Орталықтың басшысы Ерлан Бақтыбаевтың нұсқауымен мамандар Нұршатты арнайы тексеруден өткізіп, қолайлы спортқа бағыттады. Алғашында үстел теннисін көргенімен қолының икемі келмеді. Мектеп қабырғасында, одан кейін де тоғызқұмалақты жақсы ойнады. Талай жарыста олжа салған ойлы ойынға бұл жолы көңілі шаппады. Ақыры садақ ату спортына жазылуға бел буды. Тағдырын талқан еткен боз кілемнен құралайды көзге атқан садақ ату спортына біржола бет бұрды. Сөйтіп 2022 жылы Айбек Бейсенбаевтың қоластына өтіп, жебе тартты. Білікті бапкер Нұршаттың бойындағы жігерді байқады. Қолға алған ісінен нәтиже шығармай қоймайтын қайсарлықты сезген бапкер Нұршатқа үміт артты. Мүмкіндігі шектеулі жан деп қарамады. Жаттығудың қыр-сырын үйретіп, нысананың ондығын көздеуді үйретті. Ия, алғашында Нұршатқа оңай бола қоймағаны анық. Қиналды, тартқан жебесі айдалаға кеткен күндері көп болды. Ондықты көздемек түгілі атқан оғы жетпей қалған кездер де кездесті. Бірақ оған арланып қалмады. Шамасы жеткенше адырнаны кең тартып, жебенің түзу ұшуына бар күшін жұмсады. Жаттығу алаңында шелектеп тер төкті. Маңдайы ащы терге малшынып, садақ ату спортының нағыз майталманы болуға бел буды. Күн өткен сайын нәтиже көрсетіп, әр жаттығуына есеп берді. Он жебесінің бесеуі дәл тиіп, өз рекордын жаңартып отырды. Ақыры бар қиыншылық артта қалып, дүбірлі додаға қатысуға да мүмкіндік туды.

АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕ

Жаттығуда намысы қайралып, қорамсақтағы жебесін нысанаға дөп тигізетін шаққа жеткенде бапкері Айбек Бейсенбаев Нұршатты алғаш қала ішіндегі жарысқа қайрап салды. Шиыршық атқан жас жігіт салған жерден олжа салып, салмақты жүлдеге қол жеткізді. Бұл Нұршат үшін жұлдызды сәт еді. Алда биік белес пен дүбірлі додалардың күтіп тұрғанын іштей сезді. Кішкентай жүлдеге масаттанып қалмай, жаттығудың қарқынын үдетті. Қалалық, облыстық жарыстардан орын алып, медальдің дәмін сезді. Қазақстан чемпионы атағын иеленгенде төбесі көкке бір елі жетпей қалғанын да жасырмады. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының» басшылығы да Нұршаттың болашағына үміт артты. Үнемі қолдау білдіріп, жарыс біткеннің барлығына жіберуге мүмкіндік туғызды. ҚР чемпионатын бірнеше мәрте жеңіп, халықаралық жарыстарға құрық лақтырды. Алғашында Дубайда өткен турнирде сәтсіз өнер көрсетті. Халықаралық бәсекеге бірінші рет келгесін біраз абдырап қалғаны белгілі. Атағынан ат үркетін спортшылардың мысы да басып, білгенінен жаңылды. Бұл Нұршатқа үлкен сабақ болды. Керісінше, намысын қайрап, қайта шиыршық атуына мүмкіндік туғызды. Азия ойындарында жұптық кезеңде төртінші орыннан көрінді. Араға бір жыл салып 2023 жылы Тайланд, Бангкокта өткен Азия чемпионатында командаласы Сағдат Дүйсенбаев екеуі қола медальді уысына түсірді. Бұл Қазақ тарихындағы бірінші жүлде болатын. Бұған дейін бірде-бір қазақ параспортшылары Азия чемпионатынан жүлде алып көрмеген. Осылайша Нұршат пен Сағдат тарихқа өз есімдерін алтын әріппен жазды.

Иә, жалпы садақ спорты Қазақ- станда кенже дамыды. Соңғы уақытта қарқын алып, жетісулық садақшылар тамаша өнерімен танылып жүр. Осы ретте тағы бір тарихи оқиғаны қозғай кеткен дұрыс шығар. Жетісулық Санжар Мұсаев жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Мұндай жүлде қазақ спортының тарихында болмаған. Одан кейін де талай халықаралық жарыстарда олжа салған оғландар жетіп артылады. Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен Сұлтан Дүзелбаев, Ильфат Абдулин секілді садақшылар осы жетісулық саңлақтар. Ал енді параспортта да алар орнымыз ерекше екенін осы Нұршат пен Сағдат дәлелдеп келеді. Сонымен кейіпкерімізге қайта оралайық.

Нұршат Төлеуқасым мұнымен тоқтап қалмады. Барған жарыстан уыстап медаль әкелді. Елішілік, халықаралық жарыстардан құралақан қайтпады. Әбден ысылып, әккі спортшыға айналған Нұршат өткен жылы ұлттық құрама сапына қабылданып, ел намысын жыртты. Биылғы жылдың басты додасы Бейжіңде өткен Азия чемпионатына жол тартты. Ұлттық құрама сапындағы алты спортшының бесеуі жетісулық. Осыдан-ақ байқауға болатын шығар, Жетісу облысындағы садақ спортының қарқынын. Сонымен жарыстың алғашқы күні іріктеу кезеңінде бесінші орынмен аяқтап, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Жалпы садақ ату спортында қытайлық спортшылар алдыға қара салмайтын мықтылар. Әлемдік рейтинг бойынша көш бастап отырған да осы елдің спортшылары. Одан қалды, Үндістан, Тайланд елінің садақшыларын да қосып қоюға болады. Тартысты өткен бәсекеде Нұршат жартылай финалға жолдама алды. Жан алып, жан беріскен жарыста төрт елдің садақшысын жолынан ығыстырып, Қытай спортшысына ғана жол береді. «Men W1» тұжырымы бойынша сынға түскендердің арасынан алтын медальді Қытай спортшысы алса, күміске тайландтық садақшы қол жеткізді. Ал қола жүлдені біздің Нұршат Төлеуқасым иеленді. Осылайша жекелей сын бойынша тұңғыш рет қазақ баласы Азия чемпионатында жүлдеге қол жеткізді. Нұршаттың бұл жүлдесі алдағы бәсекелердің жолашары іспетті. Нұршат Мейрамқасымұлы қыркүйек айында Корей мемлекетінде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ. Олай болса, Сарыесіктен шыққан саңлаққа сәттілік серік болсын деген тілекті біз де тілейік!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.