Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда бос қалған IBF белебуі үшін айқасатын бразилиялық Эскива Фалькаоға үн қатты.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Бұл титул бұған дейін Головкинде еді. Фалькао германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу 1 шілде Вупперталь (Германия) қаласындағы бокс кешінде өтеді.
«Сен оны жеңесің деп үміттенемін, сол кезде титулдарды біріктіре аламыз», — деп жазыпты Жәнібек Фалькаоға твиттер желісінде.
Фото: ашық дереккөзден алынды





