V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінің екінші күні аяқталды. Жетісулықтар үздік бестікті түйіндеді. Шабандоздар Солтүстік Қазақстандағы Лобанова ауылынан бастаған болатын.
Екінші күнгі 100 шақырымды аяқтадық. Бірінші болып Қырғызстан, екінші Маңғыстау, үшінші Қабарда-Балқария, төртінші Алматы және бесінші болып Жетісу мен Қостанай облыстарының шабандоздары межені бағындырды. Аттар аман-есен, барлығы қатарда. Бес атпен бастағанбыз, сол бес ат келе жатыр. Қырғызстаннан жарыс жолында төрт, Алматыдан үш ат қалды.
І. ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
ІІ. ШАБАНДОЗДАР БАЛҚАШҚА ЖЕТТІ
ІІІ. АСТАНАДА АЯЛДАДЫҚ
IV. ЖЕТІСУЛЫҚТАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

7-su.kz желілік басылымында арнайы «Әсеттің блогы» ашылып, онда командамен бірге жүрген әріптесіміз Әсет Бекбатыр әр күннен хабар беріп отырмақ. Ендеше біздің сайтты қарай жүріңіз, көпкүндік жарыстан хабардар болып отырыңыз.





