V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі Солтүстік Қазақстандағы Лобанова ауылынан бастау алды.
Халықаралық марафон-бәйге Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысынан басталып, Астанада аяқталады. Сынға шет елден он, елімізден тоғыз команда қатысып жатыр. Меже — 500 шақырым. Бұл жарыстың негізгі мақсаты — ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғырту. Жарыс жолына қарашай, кабардин, арба, татар, башқұрт, жаңа қырғыз тұқымдары шықты.
Жетісулық шабандозбар бірінші кезеңді бес жарым сағатта аяқтады. Бұл жақсы нәтижелердің бірі. Бүгін екінші кезең. Аттардың бәрі аман-есен, қатардан шыққандары жоқ. Жарыс жолынан шығып жатқан жылқылар бар. Қырғызстан және Ақтөбе командалары бір аттан жарысты ерте аяқтады. Үздіктер көшін әзірге Жетісу, Тараз, Алматы және Қабарда-Балқарияның тұлпарлары бастап келеді.
І. ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
ІІ. ШАБАНДОЗДАР БАЛҚАШҚА ЖЕТТІ
ІІІ. АСТАНАДА АЯЛДАДЫҚ

7-su.kz желілік басылымында арнайы «Әсеттің блогы» ашылып, онда командамен бірге жүрген әріптесіміз Әсет Бекбатыр әр күннен хабар беріп отырмақ. Ендеше біздің сайтты қарай жүріңіз, көпкүндік жарыстан хабардар болып отырыңыз.





