Қазақстандық жеңілмейтін файтер Шавкат Рахмонов үшін «мінсіз» қарсылас анықталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
MMAfighting порталының сарапшылары Рахмонов (19-0) үшін ең тиімді нұсқа – аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) екенін алға тартуда. Қазіргі уақытта Маддалена дивизион рейтингінде бірінші сатыда тұр және өзінің жойқын соққыларымен танымал. Ол жеңістерінің 67 пайызын, яғни 12 кездесуін нокаутпен аяқтаған
Неге дәл осы жекпе-жек маңызды?
Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты біраз уақыт спорттан қол үзіп қалған болатын. Ал бастапқыда жоспарланған Белал Мухаммадқа қарсы титулдық кездесу кейінге шегерілді.
«Рахмоновтың ұзақ уақыт бойы октагонға шықпауына байланысты, дивизионның жаңа чемпионы оны титулдық жекпе-жекке лайық емес деп санауы мүмкін. Егер Шавкат бірден белбеу үшін таласа алмаса, Маддаленамен кездесу оның мықтылығын дәлелдеуге таптырмас мүмкіндік», – деп жазады шетелдік басылым.
Басқа қандай нұсқалар бар?
Сарапшылар Рахмоновтың алдында бірнеше жол барын айтады:
-
Ислам Махачевпен кездесу: Қазақстандық файтер бірден ресейлік чемпион Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жекке шығуы мүмкін.
-
Басқа үміткерлер: UFC басшылығы ДДМ-ді (Делла Маддалена) Леон Эдвардсты жеңген Карлос Пратеспен де жұптастыруы ғажап емес.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат соңғы рет 2024-жылдың желтоқсан айында өнер көрсетті. Ол кезде ирландиялық Иэн Гэрриді бес раундтық тартысты бәсекеде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. Қазіргі таңда қазақстандық жанкүйерлер Шавкаттың кезекті жеңісін және чемпиондық белбеу үшін таласын асыға күтуде.





