Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Шеберлік сағаты өтті

27.07.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Шеберлік сағаты өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Бочча деп аталатын спорт түрі  елімізде  енді ғана дамып, мүгедектігі бар азаматтардың, оның ішінде балалар мен жастардың арасында қарқын алып келе жатыр. Жуырда аудан орталығы Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияда бочча спорты түрінен үйірме  ашылып, шеберлік сағаты өтті.

Бүгінде ауданда ерекше күтімді қажет ететін 144 бала бар болса, үйірменің ашылу салтанатына 20 бала ата-анасымен келді. Жиынға «Жетісу облысының бочча федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев, бочча спортынан жаттықтырушы Бақытгүл Имашева, бочча спортынан еліміздің чемпионы Мадияр Мұратхан және паралимпиадалық ойындардың жүлдегері Ақерке Есжанқызы қатысты.

– Облыс бойынша алғаш рет Сарқан ауданындағы жас спортшыларымыз үшін арнайы шеберлік сыныбы өткізілмек. Шараның басты мақсаты – паралимпиадалық спорт түрінің облысымызда өркендеуіне жан-жақты үлес қосу.  Осы тұрғыда жастарымызды жетелеп, олардың дамуына барынша үлес қосып жүрген ата-аналарға алғыс білдіргім келеді,– деді алғашқы болып сөз алған  Гүлнар Тойлыбаева. – Біздің өңірде 2022 жылдан бері ашылған бұл спорт түрі қазіргі таңда жақсы дамыған. Жетісу облысында жалпы екі мыңға жуық (1709) мүгедектігі бар жастар болса, Сарқан ауданында  144 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Оның ішінде церебралды сал ауруы 22, Даун синдромы 11, аутизмге шалдыққандар  бесеу. Ерекше күтімді қажет ететін барлық балаларды дамытып, спортпен айналысуына бар күшімізді салудамыз. Бүгінгідей шеберлік сағаттарын алдағы уақытта көптеп өткізіп, облысымыздың барлық өңірлерін қамтимыз. Сарқан ауданындағы ерекше күтімді қажет ететін барша жастарымыз түрлі жарыстарда оза шауып жүрген жеңімпаздарымыздан бочча ойынының қыр-сырын үйреніп, биік белестерді бағындырады деп сенемін.

Бочча федерациясының президенті еліміздің атын әлемге танытып, Жетісу жерін адамзатқа паш ететіндей мықты спортшыларды үйірме мүшелері арасынан көргісі келетініне,  ел мерейін асырып, үлкен топтан суырылып шығу үшін тер төгіп, еңбек ету керектігіне тоқталды. 

Сарқан ауданының әкімі  Ғалымжан Маманбаев  балалардан ештеңе аямай, жағдай жасалу керектігін, әрі өңірдің ерекше балалары өздерін кем санамауы қажеттігін, сол үшін оларға арнап бочча спортынан үйірме ашылып отырғандығын, демеушілер тауып, бірыңғай киім формасымен қамтамасыз етіп, осы спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Ерекше балалардың ата-аналары атынан сөз алған Меруерт Мустахибекова перзенттерін қолдап, қамқорлық жасап жүрген аудандық орталық аурухананың балалар бөлімшесіне аналық алғысын білдірді.

Одан кейін Гүлнар Тойлыбаева мен Ғалымжан Маманбаев үйірменің ашылу салтанатына орай балаларға арналған сыйлықтарды табыстап, сәттілік тіледі. 
Бочча спортынан жаттықтырушы Бақытгүл Ильясқызы сайыстың шарты мен ережесін таныстырып, тәжірибелі спортшылар шеберлік сағаттарын өткізді.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.