Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

СПОРТ ЖАНАШЫРЫ

04.02.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
СПОРТ ЖАНАШЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Тау баласы тауға қарап өседі» демекші, бүгінгі біздің кейіпкеріміз тау бөктерінде дүниеге келіп, биік белеске қол созған азамат. Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүние есігін ашқан Әкешай Жайлаубеков өмірін спортпен байланыстырған жан. Жастайынан жанына спортты серік етіп, спорттың қазанында қайнады. Сексеннің сеңгіріне шығып отырған Әкешай Жайлаубеков Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Қажырлы еңбектің арқасында шынайы құрметке бөленген Әкешай Жайлаубекұлының жүріп өткен жолына аз-кем тоқталайық.

Орта мектепті тамамдаған жас жігіт Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының «дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1963 жылы аяқтады. Жоғары оқу орнында жүріп, Қазақстанның ең алғашқы спорт шебері, белгілі бапкер Сәбит Сатыбалдиевтың қол астында грек-рим күресімен айналысты. Жай ғана айналысып қойған жоқ, түрлі додаларға қатысып, жүлделі орыннан көрініп жүрді. Қолына спорт маманы деген дипломды алған жас еңбек жолын туып-өскен ауылынан бастауды ұйғарады.
Сол жылы Кеген ауданының Жалаңаш ауылындағы мектеп-интернатында дене шынықтыру мұғалімі болып бастады. 1964-1973 жылдары «Қазыби» спорт клубының аға оқытушысы, төрағасы болып жұмыс істейді. Партия комитетінің ұсынысымен 1973 жылы Алматы қалалық Спорт және дене тәрбиесі комитеті төрағасының орынбасары, ал 1975 жылдан бастап төраға қызметін атқарды. Әр жылдары «Алматы» ПКЦ директоры, «Яссауи» акционерлік компаниясының вице-президенті, қолданбалы спорт түрлерінен республикалық жоғары спорт шебері мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Ә.Жайлаубеков 1973-1989 жылдар аралығында бесінші шақырылымдағы Алматы қалалық халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болды. Қызметтік жолда сатылап жоғарылаған Әкешай Жайлаубеков өзі қызмет атқарған орынның барлығында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отырды. 
1998-2006 жылдары Алматы облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасын басқарды. Осы жылдар арасында Алматы облысында дене шынықтыру мен спорттың дамуына зор үлес қосты.
Білікті басшы, іскер азаматтың басшылығымен облыстың спорттық инфрақұрылымы дами бастады, спорт мектептерінің базалары нығайып, жаңа спорт кешендер бой көтерді. Осылайша, 1998 жылдан 2006 жылға дейін спорт нысандарының саны 286 бірлікке өсті, 7 жасөспірімдер спорт мектебі, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, олимпиадалық резерв дайындау орталығы, футбол және волейболдан «Жетісу» кәсіби спорт клубтары ашылды. Жаттықтырушылар құрамы мен спортты қаржыландыру көлемі де артты. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 1182363 адамға немесе 58,7пайызға жоғарылады.
Оның жетекшілігімен облыс спортшылары халық-аралық жарыстарға, Азия және әлем чемпионаттарына, Олимпиада ойындарына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан облыс спортшылары Сергей Филимонов, балуан Георгий Цурцумия күміс, Мхитияр Манукян қола медальді жеңіп алды. Олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін Әкешай Жайлаубеков «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әкешай Жайлаубеков облыста өткізілетін ірі спорттық шараларды ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Оның тікелей атсалысуымен жоғары ұйымдастырушылық деңгейде облыс көлемінде халықаралық, республикалық жарыстар өткізіліп тұрады.
Волейболдан облыстың әйелдер құрамасы Азия чемпионатында олжа салды, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Кубогының бірнеше дүркін иегері, Қазақстан Республикасы Суперкубогының үш дүркін иегері атанды. Орталық Азия чемпиондары және көптеген халықаралық турнирлерге қатысты. Осындай ауқымды істердің бастаушысы болған білікті басшы спортшылардың қамқоршысы бола білді.
Алматы қалалық спорт комитетінің төрағасы қызметін атқара жүріп, Алматы спортының дамуына да зор үлес қосты.
Сан жылғы қажырлы еңбегі бағаланып, түрлі марапатқа да ие болды. Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Әкешай Жайлаубекұлы 1982 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы», 1986 жылы «Еңбек ардагері», 2002 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері», 2004 жылы «Құрмет» ордені, 2012 жылы «Алматы облысының Құрметті азаматы», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  мерекелік медальдармен марапатталды.
Зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып отыра алмады. Ел спортына өз үлесін қосу үшін қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытады. ҚР спортшыларға көмек көрсететін спорт ардагерлері қоры төрағасының орынбасары, республикалық спорт ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Сексен жасқа толған Әкешай Жайлаубеков екі баланың әкесі, немере-шөберенің атасы.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық банк бағамға әсер ететін негізгі факторларды атады

17.03.2026
40 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

40 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

17.03.2026
Қатты жел мен көктайғақ: Қазгидромет ескерту жасады

Бүгінгі ауа райы болжамы

17.03.2026
Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

17.03.2026
Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.