Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Біріншілікке еліміздің 9 өңірінен 102-ден астам үздік спортшы қатысып, ел чемпионы атағы үшін бақ сынауда. Алғашқы жарыс күні көпсайыс бойынша іріктеу кезеңдері өтті.
Чемпионат қорытындысында Ұлттық құрама жасақталып, спортшылар алдағы халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғайды.





