Райымбек аудандық білім бөлімі мен білім саласы қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор – 2» филиалының ұйымдастыруымен Сарыжаз ауылында шаңғыдан аудан ұстаздары арасында жарыс өтті.
«Қысқы денсаулық фестивалі» деп аталатын сайыстың ашылу салтанатында аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор – 2» филиалының төрағасы Ұлықпан Әбек, білім бөлімінің бас маманы Ернұр Нұрманұлы, К. Байшығанұлы атындағы орта мектептің директоры Миятжан Сақанұлы сөз алып, додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша 35 жастан 60 жасқа дейінгі жас ерекшеліктері аралығында әр- түрлі қашықтықта өткен бәсекеде ерлер арасында Мақсат Совет, Ерлік Маратов, Мұрат Әбу, Ертай Сатаев, әйелдер арасында Динара Макеева, Аяужан Бекмұханбетова, Құралай Молдабаева, Баян Қырықбаева жеңімпаз атанды. Жалпыкомандалық есепте 1-орынды Сарыжаз орта мектебінің Ерлік Маратов бастаған шаңғышы ұстаздар командасы иеленді.
Қанат БІРЖАНСАЛ
Райымбек ауданы





