Ертең Өскеменде волейболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының ІІІ кіші тур ойындары басталады. «Жетісу» «А» тобында жергілікті «Берел» (ШҚО), «Тұран» (Түркістан облысы) және «Алматы» командаларымен ойнайды. Тур аясында осы жолы ел Суперкубогы сарапқа түседі. Онда былтырғы маусымның чемпионы «Жетісумен» Қазақстан кубогының иегері «Тұран» кездеседі.
«Жетісу» волейбол клубының қыздары бүгін Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында жарыс алдындағы жаттығуын өткізді.
– Команданың дайындығы жақсы. Бұл турдың жөні бөлек. Турнирлік кестедегі ұпайдан бөлек, ел Суперкубогы үшін ойнаймыз. Біз барымызды саламыз. Жеңіс үшін ойнаймыз, – деді «Жетісу» волейбол клубының либеросы Мария Сырыгина.
Еске сала кетейік, «Жетісу» волейбол клубы ел Суперкубогын осыған дейін төрт мәрте жеңген (2015, 2018, 2019, 2024) болатын.
ІІІ кіші тур
13 қаңтар, 16:00 – «ЖЕТІСУ» – «Алматы»
СУПЕРКУБОК
14 қаңтар, 16:00 – «ЖЕТІСУ» – «Тұран» (Түркістан облысы)
15 қаңтар, 18:30 – «Берел» (ШҚО) – «ЖЕТІСУ»
Ойындарды «Qazsport» арнасы көрсетеді.
”ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ”





