2026 жылдың 6 ақпанында Талдықорған қаласында армиялық жекпе-жек ұрысынан 18404 әскери бөлім командирінің кубогы ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық дода жоғары деңгейде өтіп, әскери қызметшілер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Аталған жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар жауынгерлік дайындықтарын, төзімділіктері мен шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – Парашюттық шабуылдау батальоны
II орын – 1 десанттық-шабуылдау батальоны
III орын – Барлау ротасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған жарыс әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын шыңдап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға және жауынгерлік рухты көтеруге бағытталды.





