Қазақстан құарамсы қысқы Олимпиада ойындарынан 32 жылдан кейін алтын алды. Мәнерлеп сырғанаушы Михаилй Шайдоров еліміз сарыла күткен алттынның иесі болды. Қазақстандық спортшы қос бағдарлама бойынша 291.58 ұпай жинады. Бұл оның жеке рекорды,-деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді. Ал Қазақстан өзі қатысқан тұңғыш Лиллехамер (Норвегия) Олимпиададағы Валдимир Смирновтың (50 шақырым қашықтыққа шаңғымен жүгіруден) алтынынан кейін араға 32 жыл салып алтын алып отыр.
Төрт жылдықтың басты додаасында жеңіске жеткен Михайл Шайдоровқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірден құттықтау жедел хатын жолдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдады.
Михаилй Шайдоров қысқа бағдарламада 92.94 ұпай жинап, 5-орын алды. Қазақстандық спортшы төрт айналым лутц және үш айналым тулуп каскадында сәл қателік жіберіп, кейін үш айналым аксель мен төрт айналым тулупты қатесіз секірді. Ал көш тізгінін екі дүркін әлем чемпионы Илья Малинин (АҚШ; 108.16 ұпай) алып, одан кейін Юга Кагиямамен (Жапония; 103.07 ұпай) Адам Сяо Хим Фа (Франция; 102.55 ұпай), Даниэль Грассл (Италия, 93,46 ұпай) орналасқан еді. Негізгі бағдарламада бәрі керсінше болды. Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында 198.64 ұпай жинады. Басты қарсыластары негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады. Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы 291.58 ұпай алды. Қарсыластары Юма Кагияма (Жапония) 280.06 ұпай, одан кейін Шун Сато (Жапония) 274.90 ұпай алды.
Шайдоров былтыр әлем чемпионатында күміс, Төрт құрлық чемпионатында алтын алған еді. Енді жүлделерінің санатына олимпиада алтынын қосты.





