Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды7-su.kz ақпараттық порталы.
125 келіге дейінгі салмақта белдескен Едіге Қасымбек қарсыластарына дес бермей, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Финалда ол ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен айқын жеңді.
Сонымен қатар, қазақстандық балуандар арасынан Досжан Күлғайып (74 кг) пен Самир Дұрсынов (97 кг) қола жүлдегер атанды.





