Талдықорған: +29°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Тартысқа толы чемпионат

04.07.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Тартысқа толы чемпионат

kazaknews.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ел премьер-лигасындағы алаңдаушылық үдей түсті. Көш басында «Қайрат» (Алматы), екінші орында «Ордабасы» (Шымкент). «Оқжетпес» (Көкшетау) болса көп арасынан жақсы нәтиже көрсетіп, үштікті түйіндеп тұр. Биылғы чемпионат тартысты өтуде. Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын «Жетісу» да үздіктермен тіресіп, ұпай алып, негізгі қарсыластарын барынша бақылауда ұстап келеді.

Чемпионат алдында жаһан танитын Нани, Виктор Мозес сынды футболшыларды қатарына қосып, ауыс-түйіс барысында үлкен дүмпу жасаған қазақстандық командалар көптің назарында. Әлемдік басылым, телевидение мен сайттар үнемі қадағалап отырады. Арасында жас таланттар болса, оны түртіп алып, арнайы материал әзірлеп, жанкүйерлерге таныстырады. Ал белгілі футболшылардың алаңдағы әр қимылы өз алдына бөлек әңгіме.

«Қайрат» футбол клубының түлегі, биылғы маусымның жартысын ел чемпионатында өткізген (15 кездесуде 8 гол) Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысып, дәл қазір Лондонда жаңа командасымен бірге жаттығу өткізіп жатқандығының өзі ел футболының ілгерлеуі деп есепке алсақ болады. «Челси» бапкері Хаби Алонсо арнайы қадағалап, қазақ-стандықты Аустралияда болатын оқу-жаттығу жиынына алып баруды жоспарлап отыр. «Қайрат» сапында тағы бір талантты лек келе жатыр. Дастанның құрдастары Азамат Тұяқбаев (9 кездесуде 1 гол), Исмаил Бекболат (5 ойында 1 гол) та кейінгі матчтарда джокер (ойынның ортасынан қосылады) есебінде нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүр. Мергендер тізімін 8 гол салған «Қайрат» командасының ойыншылары Дастан Сәтпаев (екінші айналымда ойнамайды) пен Жоржиньо бастап тұр. Одан кейін 7 гол салған «Елімайдың» ойыншысы Роман Муртазаев пен «Қызыл-Жардың» футболшысы Этьен Бегре тұр.

Былтыр Дастан Сәтпаевтың ойынына сүйсініп, болашағына мол үмітпен қарасақ, биыл «Ордабасының» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірдің келешегіне сенім арттық. Жасұлан 15 ойында 6 гол салып, 4 пас берді. Матч сайын түлеп, қарқын қосып келеді. Әр клуб талантты түлектерін алаңға жиі шығарып, ойыншы есебінде қалыптасуына барынша ықпал жасауда. «Жетісу» футбол клубы 20 жастағы талдықорғандық қақпашы Артур Егоровқа 2 ойында қақпаны сеніп тапсырды. Егоров 13 турда «Оқжетпеске» қарсы (2:2) және 14 турда «Алтаймен» ойында (3:3) негізгі құрамда алаңға шықты.

«Жетісу» сапындағы Нұрбол Әнуарбековтың аяқ алысы жақсы. «Жеңіс» командасынан маусым басында ауысып келген 27 жастағы шабуылшы талдықорғандықтар сапында 15 ойында 6 гол салып, 2 пас берді. Командадағы мергендер тізімін бастап тұр. Одан кейінгі нәтижелі ойыншылар – Асхат Балтабеков, Йован Пайович, Серікжан Мұжықов және Марко Живанович (бәрі 2 гол салды). «Жетісу» командасы бірінші айналымды (15 турды) 4 жеңіс,6 тең ойын және 5 жеңіліспен 18 ұпай жинап 8-орында аяқтады. Алдында 22 ұпай жинаған «Ақтөбе» болса, ізін қуып «Жеңіс» пен «Атырау» (екеуінде де 18 ұпай) келеді.

Бірінші айналымның соңғы ойынында «Жетісу» Талдықорғандағы Орталық алаңда «Ақтөбені» қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жеңіс голын салған – Асхат Балтабеков (45 минутта). Ойыннан кейін журналистерге пікір берген Қайрат Нұрдәулетов:

Ойын біз ойлағандай өткен жоқ. Бірақ жеңіс үшін қуаныштымыз. Біз жеңіске лайық болдық. Өткенде «Оқжетпес», «Алтаймен» болған ойындарда сәттілік жетпеген болатын. Ойыншыларымыздың жарақат алып қалуы тактикалық тұрғыда көп өзгеріске алып келді. Сол жағынан қиындықтар болды. Алдағы уақытта жанкүйерлерімізді жеңіспен жиі қуантып тұрғымыз келеді, – дейді.

«Жетісу» келесі кездесуін 5 шілдеде Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» алаңында жергілікті командаға қарсы өткізеді.

Чемпионаттың екінші айналымы басталды. Ойыншылар арасындағы ауыс-түйіс қызып тұр. Команда ауыстырып үлгергендер бар. «Қайсар» қатарында биылғы маусымда айрықша көзге түскен Айбол Әбікен «Қызыл-Жарға» ауысты. Өкінішке қарай, «Жетісу» футбол клубы бұл трансферлік кезеңнен тыс қалады. ФИФА тарапынан мамырда «Жетісуға» ереже бұзғаны үшін трансфер жасауға шектеу қойылған. Соның кесірінен жаңа ойыншыларды тіркей алмайды. Керісінше, кедергіге байланысты кей ойыншыларынан айырылып қалды. Мәселен, маусым басында «Қайраттан» келген Мансұр Бірқұрманов, «Ақтөбеден» келген Мирас Уманиязов жалға беру уақыты толық аяқталмаса да командадан кетуге мәжбүр болды. Екеуі де негізгі құрамның ойыншысы болмаса да жақсы ойын көрсетіп, өз есімдерін қалыптастырып келе жатқан еді. «Жетісуға» қашан рұқсат берілетіндігі белгісіз. Ал оған дейін Қайрат Нұрдәулетов бар ойыншымен амалдай тұрады. «Жетісу» командасында 15 турға толық қатысқан 6 ойыншы бар.Олар – Асхат Балтабеков, Әділхан Добай, Йован Пайович, Шоқан Абзалов, Марко Живанович және Нұрбол Әнуарбеков. Ескерту қағазын көп алған 2 ойыншы – Дінмұхамед Қашкен (4 ойында) мен Цотне Мосиашвили (5 ойында). Ал алаңнан қуылған 2 ойыншы Рафкат Аслан мен Мади Жақыпбаев.

Ал өзге клубтарда жаңадан қосылғандар ә дегеннен-ақ нәтижелі ойынымен көзге түсіп жатыр. Бұл тізімді «Барселонаның» түлегі, «Реалда» ойнаған, Португалияның «Риу Аве» командасынан «Қайратқа» ауысып келген 30 жастағы испаниялық Марку Гуаль бастап тұр. Ол ел чемпионатында 5 ойынға қатысып (жалпы 235 минут ойнады) 3 гол салып, 2 ассист жасады. Ал өткен маусымда Шотландия чемпионатында «Хартс» командасының қатарында күміс жүлде алған Ислам Чесноков та «Тобылға» қайта оралып, матчтарға қатысып үлгерді.

Чемпионаттың екінші айналымын бастаған «Қайрат» Алматыда «Оқжетпесті» 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Қалған кездесулер енді болады. Кей клуб екінші айналымға тың күшпен қосылып, нәтижесін жақсартуға ұмтылады. «Қайрат» 18 ойын өткізіп (чемпиондар лигасындағы ойындарына байланысты кей кездесулерді алдын-ала өткізді), 39 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Ордабасы» болса 15 матчтан кейін 37 ұпай жинап, 2-орында келеді. Чемпионат соңында айтарлықтай өзгерістер орын алып, мергендер тізімі де өзгеретініне сенімдіміз. Өйткені әр тур сайын тартыс күшейіп келеді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026
Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

04.07.2026
Аю мен шибөрі көбейді

Аю мен шибөрі көбейді

04.07.2026
Тартысқа толы чемпионат

Тартысқа толы чемпионат

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.